Телефон: +7 727 262-42-07   |   +7 727 262-42-76   |   E-mail: apnkaz@mail.ru   |   www.apnk.kz   |   г. Алматы ул. Желтоксан, 185 116, 117 кабинет

05.11.2014 ж. "Педагогика Ғылымдар Академиясы" қоғамдық бірлестігінде «Алматы қаласының мектеп түлектеріне кәсіптік бағдар беру мәселелері мен болашағы» атты дөңгелек үстел өтті.

Автор  UTC+00:000_K2_ПтAMUTCE_Ноябрь+0000RНоябAMUTC_0C

Ағымдағы жылдың 5 қараша күні Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы бойынша жүргізілген «Мектеп түлектеріне кәсіптік бағдар беру бойынша іс-шаралар өткізу» атты  әлеуметтік жоба жоспарына сәйкес Педагогикалық Ғылымдар Академиясы «Алматы қаласының мектеп түлектеріне кәсіптік бағдар беру мәселелері мен болашағы» атты Дөңгелек үстел өткізді.

 

Шараға аудандық білім беру бөлімінің қызметкерлері, қаланың 45 мектебінен кәсіптік бағдар беру жұмысы бойынша іс-шараларға жауапты ұстаздар мен сынып жетекшілері қатысты (барлығы - 81 адам).

 

          Педагогикалық Ғылымдар Академиясының басқарма төрағасы А.К.Құсайынов кіріспе сөз сөйледі. Дөңгелек үстелде әлеуметтік зерттеудің нәтижелері талқыланып, түлектердің біліктілігіне сай мамандық таңдауына бағыт көрсету және кәсіптік бағдар беру жұмысының қолайлы жолын таңдау сияқты мәселелер қарастырылды. Мәлімдемелерді Қоғамдық Каспий университетінің ф.ғ.к., ассоц. профессор М.М. Хавайдарова, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ магистранты Т.М Қазақбаева.,    ПҒА  аға ғылыми қызметкері А.А.Аблесеновалар жасады.

          Дөңгелек үстел отырысы пікір алмасу деңгейінде өтті. Шара соңында қатысушыларға сертификат тапсырылды.

Прочитано 152 раз