Телефон: +7 727 262-42-07   |   +7 727 262-42-76   |   E-mail: apnkaz@mail.ru   |   www.apnk.kz   |   г. Алматы ул. Желтоксан, 185 116, 117 кабинет

«Үздік мектеп директоры», «Үздік мектеп директорының орынбасары», «Үздік ұстаз» ІІ тәуелсіз қоғамдық байқауларының нәтижелері

Автор  UTC+00:000_K2_СбAMUTCE_Декабрь+0000RДекAMUTC_0C

    Кәсіби іс-әрекетінде жоғарғы нәтижелерге жеткен шығармашыл еңбеккерлерді анықтау, олардың алдыңғы қатарлы тәжірибелерін зерттеу және тарату, кәсіби шеберліктерін арттыруға қолдау көрсету, олардың жеке жетістіктерін білу мақсатында Қазақстан ПҒА Президиумы «Үздік мектеп директоры», «Үздік мектеп директорының орынбасары», «Үздік ұстаз» ІІ тәуелсіз қоғамдық байқауларын өткізу туралы шешімін қабылдады.
    30 қарашада ІІ байқау өткізілді. Байқауға Жамбыл, Қарағанды, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Маңғыстау облыстарының мектеп және лицей, гимназияларының директорлары, директорларының орынбасарлары, ұстаздары қатысты. Нәтижелерді шығару үшін байқау комиссиясы құрылып, комиссия құрамында алдыңғы қатарлы ғалымдар, педагогтар, мектеп директорлары мен директордың орынбасарлары, біліктілікті көтеру институтының және қоғамдық ұйым қызметкерлері болды. Байқау комиссиясы нәтижені бағалау критерийларының негізінде шығарды.
Қазақстан ПҒА Президиумы Байқау комиссиясының шешімін бекітті. Әр номинация бойынша Тәуелсіз қоғамдық байқаудың жеңімпаздары анықталды:
1)    Абитаева Бахытхан Бағдатханқызы (Жамбыл облысы, Т.Рысқұлов ауданы, «Тұрар Рысқұлов атындағы орта мектеп», Жамбыл облысы) – «2015 жылдың Үздік директоры».
2)    Мейманханов Мұратжан Құрманжанұлы (Жамбыл облысы, Т.Рысқұлов ауданы, Каменка ауылы, Б. Момышұлы ат. Орта мектеп) – «Жалпы білім беретін мектептің үздік директоры».
3)    Мырзалиева Бақытгүл Айсақызы (Жамбыл облысы, Т.Рысқұлов ауданы, «Қ.Сұлтанбеков ат. Орта мектеп») – «Ғылыми-әдістемелік жұмыс бойынша Үздік директордың орынбасары».
4)    Мегедь Наталья Анатольевна (Шығыс Қазақстан облысы, Бородулихин ауданы, «Жезкент кентінің мектеп-лицейі») – «Бастауыш сыныптарының Үздік Ұстазы».
5)    Теметаева Гүлнар Аманқызы (Жамбыл облысы, Т.Рысқұлов ауданы, Көкдөнен ауылы, А. Байтұрсынов ат. Шағын орталықты мектеп) – «Қоғамдық-гуманитарлық циклдің Үздік Ұстазы».
6)    Калиакбарова Ақерке (Семей қаласы, «№32ЖОББМ» КММ) – «Жаратылыстану-математикалық циклдің Үздік Ұстазы».
7)    Туреханова Балаш Едилқызы (Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы, Ақшұқыр мектеп-лицейі) – «Эстетикалық циклдің Үздік Ұстазы».
       Байқаудың жеңімпаздары дипломдармен, жеңімпаз сертификаттарымен және жүлделі сыйлықтармен марапатталды. Байқаудың барлық қатысушылары лауреат деп танылып, құрмет грамотасымен, алғыс хаттармен, сонымен қатар қатысушы сертификаттарымен мадақталды.
        Қазақстан ПҒА Президиумының шешімімен Байқаудың барлық қатысушылары Қазақстан Педагогикалық Ғылымдар Академиясының мүшелегіне қабылданды.
ІІ Байқаудың барлық қатысушыларының мәліметтері «ТӘУЕЛСІЗ ҚОҒАМДЫҚ БАЙҚАУ: лауреаттардың аналитикалық есептер жинағы» атты жинақта жарияланады. Бұл жинақ барлық байқауға қатысушыларға, облыстық білім басқармаларына жіберіледі.
        Қазақстан ПҒА Президиумы барлық жеңімпаздар мен лауреаттарды құттықтай отырып, шығармашылық табыс, жемісті еңбек және бақ-береке тілейді

Прочитано 196 раз