Телефон: +7 727 262-42-07   |   +7 727 262-42-76   |   E-mail: apnkaz@mail.ru   |   www.apnk.kz   |   г. Алматы ул. Желтоксан, 185 116, 117 кабинет

«Жастары белсенді елдің – ертеңі жарқын» тақырыбында медиа форум өткізілді

Автор  UTC+00:000_K2_ВтAMUTCE_Март+0000RМартAMUTC_0C

Академия президенті Асқарбек Құсайынов 14 наурыз күні «Жібек жолы мектеп-лицейі» КММ басшылығының шақыруымен Жамбыл облысы Шу қаласында болды. Мектепте «Жастары белсенді елдің ертеңі жарқын» тақырыбындағы медиа форум өтті.

Форум аясында «Даналық бейсенбісі» жобасының кезекті отырысы өткізіліп, мектепішілік «Жас жігер» ғылыми қоғамына мүшелер қабылданды.

Академик А.Құсайынов форумда сөз сөйлеп жас ғалымдарға тілек білдірді, оқушылардың көптеген сұрақтарына жауап берді.

Түстен кейін А.Құсайынов аудан мектептерінің директорлары және мектеп мұғалімдерімен кездесіп «Білім беру сапасын көтерудің ғылыми-практикалық негізі» тақырыбында дәріс оқыды.

 

  

 

Прочитано 197 раз