Телефон: +7 727 262-42-07   |   +7 727 262-42-76   |   E-mail: apnkaz@mail.ru   |   www.apnk.kz   |   г. Алматы ул. Желтоксан, 185 116, 117 кабинет

«ҮЗДІК ҰСТАЗ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТӘУЕЛСІЗ ҚОҒАМДЫҚ БАЙҚАУЫ

Автор  UTC+00:000_K2_СрPMUTCE_Октябрь+0000RОктPMUTC_0C

АҚПАРАТТЫҚ ХАТ

Қазақстан «Педагогикалық Ғылымдар Академиясы» (Қазақстан ПҒА) мектеп, колледж директорлары мен директорлардың орынбасарлары, ұстаздар мен оқытушылар арасында VІI Республикалық тәуелсіз қоғамдық байқау өткізеді.

Құжаттарды қабылдау мерзімі осы жылдың 26 қазанға дейін.

 

БАЙҚАУДЫ ӨТКІЗУ ЕРЕЖЕСІ

Байқау Ережесі Қазақстан ПҒА Жарғысына сәйкес дайындалған.

Байқаудың өткізілу мақсаты: кәсіби іс-әрекетінде жоғары нәтижелерге жеткен шығармашыл ұстаздарды анықтау, олардың алдыңғы қатарлы тәжірибелерін зерттеу, тарату, кәсіби шеберліктерін арттыруға қолдау көрсету және жеңімпаздарды марапаттау.

1.    Байқауды өткізуді ұйымдастыру:

1.1.   Байқаудың ашық және дұрыс өтілуін қамтамасыз ету үшін байқау комиссиясы құрылады.

1.2.   Байқау комиссиясына жоғары білікті мамандар, педагогтар тартылады.Комиссия төрағасы – Қазақстан ПҒА президенті.

2.    Байқаудың өткізілу реті:

2.1.   Байқау жылына 2 рет өткізіледі;

2.2.   Байқауға құжаттарын тапсыру уақытына дейін үздіксіз еңбек өтілі 3 жылдан кем емес және жұмыста жеке үздік көрсеткіштері барбілім беру саласының қызметкерлері қатыса алады.

3.    Байқауға қатысу үшін төменде көрсетілген құжаттарды тапсыру керек:

3.1.   өтініш (үлгі бойынша);

3.2.   байқауға қатысушының кәсіби іс-әрекетінде жеткен жетістіктері жазылған аналитикалық есебі (2-3 бет);

3.3.   байқауға қатысушының түйіндемесі;

3.4.   ғылыми, әдістемелік еңбектері мен БАҚ-да жарық көрген мақалалар тізімі(тек қана шығыс мәліметтері көрсетілген тізімді жіберу керек, материалдардың өздерін және портфолио тапсыру қажет емес);

3.5.   3х4 сурет (электронды түрде *.jpg, *.jpeg, *.pngформатында);

3.6.   мақсатты ұйымдастыру жарнасының төленгендігі жөніндегі түбіртек.

4.    Мәліметтер мемлекеттік немесе орыс тілдерінде беріледі.

5.    Байқаудың мәліметтері қағаз немесе электронды нұсқада 3-бөлімде көрсетілгендей етіп жинақталуы және пошта арқылы немесе Академияның электронды адресіне жіберілуі керек.

6.    Байқауға қатысу үшін 15 000 теңге мақсатты ұйымдастыру жарнасын төлеу қажет.

Қолма-қол төлемеген жағдайда жарнаны Академияның банк реквизитіне аударуға болады:

«Педагогикалық Ғылымдар Академиясы» ҚБ

050026, Алматы қ., Төле би көшесі, 155, 4-қабат, 401 каб.

РНН 600 700 537 343; БИН 040 340 015 818; ИИК KZ138560000000419866

АО «Банк Центркредит» БИК KCJBKZKX КБЕ 18

Тел.: 8 (727) 378-46-51, 221-25-95; e-mail: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.;веб-сайт: www.apnk.kz

7.    Байқау нәтижелері 30 қазан күні Академияның сайтында жарияланады.

8.    Марапаттау реті: Байқау жеңімпаздарынаарнайы «Үздік ұстаз» деп жазылған төсбелгі (Монетный дворда арнайы тапсырыспен дайындалған), куәлік, сертификатжәнежеңімпаздардың аналитикалық есептері менфотолары берілгенэлектронды жинақ дискі тапсырылады (жіберіледі).

9.    Марапаттау уақыты: қараша айында (қосымша хабарланады).

Жеңімпаздар туралы ақпарат Астана, Алматы қалалары мен облыстық БАҚ-да жарияланады.

Қатысушы Конкурстың жеңімпазы болып танылмаған жағдайда ұйымдастыру жарнасы 70% мөлшерінде қайтарылады.

ЕСКЕРТУ: Электрондық жинаққа әр қатысушының есебі редакцияланбай, берілген қалпында енгізіледі.

 

 

Прочитано 465 раз