Телефон: +7 727 262-42-07   |   +7 727 262-42-76   |   E-mail: apnkaz@mail.ru   |   www.apnk.kz   |   г. Алматы ул. Желтоксан, 185 116, 117 кабинет

ҚАЗАҚСТАН ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМДАР АКАДЕМИЯСЫНЫҢ СЕССИЯСЫ

Автор  UTC+00:000_K2_ПтAMUTCE_Март+0000RМартAMUTC_0C

Ақпараттық хат

ҚҰРМЕТТІ ӘРІПТЕСТЕР!

Сіздерді 2019 жылы 26-27 сәуір күндері Өскемен қаласында өтетін

ҚАЗАҚСТАН ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМДАР

АКАДЕМИЯСЫНЫҢ СЕССИЯСЫНА

қатысуға шақырамыз.

Қазақстан ПҒА-ның сессиясына ғалымдар Академияға мүшелігіне қарамастан шақырылады.

ҚАЗАҚСТАН ПҒА СЕССИЯСЫНЫҢ БАҒДАРЛАМАСЫ

·     «Білім берудегі инновациялар: бағдарлар мен үрдістер» тақырыбында ХI жыл сайынғы ғылыми-әдістемелік конференция өткізу. Қатысу түрі: тікелей/ сырттай (Қосымша №1).

Конференция 26 сәуір күні сағат 10:00-де Өскемен қаласы, Қазақстан көшесі, 55, С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті әкімшілік корпусы акт залында өткізіледі.

·     Академия мүшелерін сайлау.

·     Білім беру саласындағы өзекті мәселелерді талқылау. Модератор: А.Қ. Құсайынов

Академия мүшелерін сайлау Қазақстан Педагогикалық Ғылымдар Академиясына сайлану туралы Ережесіне сәйкес жүзеге асырылады (Қосымша №2).

Үміткерлер жүргізген ғылыми ізденістері негізінде мемлекеттік деңгейде шешуді қажет ететін білім беру мәселелері жөнінде нақты ұсыныстар айтулары қажет (Презентация, баяндама 5-7 мин.).

Академия мүшелерін сайлау Өскемен қаласы, Қазақстан көшесі, 55, С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті әкімшілік корпусы акт залында 27 сәуір күні сағ.10:00-де өткізіледі.

Ақпарат үшін: Қазақстан Педагогикалық Ғылымдар Академиясы, 050026, Алматы қ., Төле би к-сі, 155, 4-қабат, 401 каб. Веб-сайт: www.apnk.kz

С.Аманжолов атындағы ШҚМУ, 070004, Өскемен қ., Қазақстан к-сі, 55. Веб-сайт: https//www.vkgu.kz/ru

Қонақүйге орналасу мәселесін қатысушылар өзбетінше шешеді.

Қосымша сұрақтар бойынша төменде көрсетілген телефондарға хабарласуларыңызды сұраймыз:

· академия мүшелерін сайлау бойынша: Қоңырова Жұлдыз Бақтыбайқызы, Сұлтанғазы Тұрсынай Ержанқызы, тел.: 8 (727) 221-25-95, 378-46-57, e-mail: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра..

·  конференция бойынша: Ковалев Сергей Эдуардович, тел.: 8-723-241-401; Шарапова Гульнур, тел.: 8-723-224-14-01, e-mail: naukavkgu@mail.ru

 

 

 

ҚАЗАҚСТАН ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМДАР

АКАДЕМИЯСЫНЫҢ СЕССИЯСЫ

БАҒДАРЛАМАСЫ

(26-27 сәуір 2019 ж.)

                       

25 сәуір 2019 ж.

Келу күні, Сессия қатысушыларын орналастыру.

26 сәуір 2019 ж.

   9.00-9.50 – Конференция қатысушыларын тіркеу

  10.00-12.50 – Пленарлық мәжіліс

  13.00-13.50Түскі ас

  14.00 -16.00 Секциялар бойынша жұмыс

  16.00-18.00  Өскемен қаласының білім беру мекемелері мен көрікті жерлерімен танысу

  19.00Кешкі ас

27 сәуір 2019 ж.

   10.00-13.00 Қазақстан ПҒА мүшелерін сайлау

   13.00-14.00 – Түскі ас

   14.00 – 18.00 – Мәдени бағдарлама

   19.00 – Кешкі ас. Сессия қатысушыларының қайтуы

 

 

Прочитано 113 раз