Телефон: +7 727 262-42-07   |   +7 727 262-42-76   |   E-mail: apnkaz@mail.ru   |   www.apnk.kz   |   г. Алматы ул. Желтоксан, 185 116, 117 кабинет

Қазақстандық компаративист ғалымның әлемдік биігі

Прочитано 149 раз Вторник, 12 Июнь 2018 05:27

А.Н. Джуринскийдің «Салыстырмалы педагогика» атты кітабы жарық көрді.
А.Н. Джуринский – Ресейдің салыстырмалы педагогика ғылымының негізін қалаушылардың бірі, есімі өзге елдерге кеңінен танымал ғалым. 
Ол өз кітабында: «Салыстырмалы педагогикада жаңа көсбасшылар пайда болды: Б. Л. Вульфсон, А. Н. Джуринский, Н. Д. Никандров (Ресей); Ф. Альтбах, М. Кроссли, М. Экштейн (АҚШ); М. Брэй (Гонконг); К. А. Торрес (Аргентина); Р. Коуэн (Англия); Д. Паломба (Италия); М. Перейра (Испания); Т. Винтер-Янсен (Дания); Ю. Шрайвер (Германия); Валь Руст, Фарук Жубиш (Франция); А. Құсайынов (Қазақстан); Н. Капранова (Белоруссия); Юкико Савано, Т. Эндо (Жапония) және т.б.», – деп жазды.
Профессор Асқарбек Құсайынов – Қазақстан салыстырмалы педагогика ғылымының негізін қалаушы, Бүкіл дүниежүзілік салыстырмалы білім беру қоғамдары кеңесінің Атқарушы комитетінің мүшесі, әлемнің 15 елінде ғылыми баяндамалар жасады, Қазақстанда, Ресейде, АҚШ-та және т.б. елдерде басылып шыққан 30-дан аса кітап пен монографиялардың авторы, . 
Қазақстандық ғалым еңбегінің биік бағалануы – бұл ғылымның еліміздегі даму деңгейін көрсетеді.