Телефон: +7 727 313-18-14  |  +7 727 313-18-15  |   E-mail: apnkaz@mail.ru   |   www.apnk.kz   |   г. Алматы пр.Абылай хана, 74а, кабинет 35

2019 ж. 18 мамыр күні Қазақстан ПҒА-да VІІІ Республикалық тәуелсіз қоғамдық байқауының Марапаттау рәсімі өтті

Written by  UTC+00:000_K2_SatAMUTCE_May+0000RMayAMUTC_0C

Байқауға Астана, Алматы, Шымкент қалаларынан, Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Жамбыл, Түркістан облыстарының мектеп, лицейлерінің ұстаздары мен университет, колледж оқытушылары қатысты.

Байқауға қатысқан 103 кандидаттардан 85 жеңімпаз анықталды.

Марапаттау рәсіміне Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларынан және Алматы, Жамбыл облыстарынан келген жеңімпаздар қатысты.

Қазақстан ПҒА президенті, академик А.Қ. Құсайынов, Академияның вице-президенті К.Ө. Қонақова, корреспондент-мүшелері Қ.Қ. Кунапина, Ә.Д. Рысқұлбекова және «Қазақстан тарихы» журналының бас редакторы Т.О. Әзімбаева жеңімпаздарды құттықтап тілек білдірді.

Жеңімпаздар Өскемен қаласындағы Монетный дворда арнайы тапсырыспен жасалған «Үздік ұстаз» деп жазылған төсбелгімен, куәлік және сертификатпен марапатталды. Оларға аналитикалық есептерінің электронды жинағын тапсырылды және А.Құсайыновтың кітабы сыйға тартылды.

Байқаудың жеңімпаздары ұйымдастырушыларға мұғалімдердің еңбегін бағалағаны үшін алғыс білдірді.

Академия атына қала, аудан білім бөлімдерінен және мектептердің басшылығынан ұстаз мәртебесін көтеру және оның ерен еңбегін лайықты бағалау, олардың іс-тәжірибесін кеңінен тарату ісіндегі бастамашылдығына ризашылық хаттар келіп жатыр.

Байқау жеңімпаздарын шын жүректен құттықтаймыз және сәттілік пен шығармашылық табыс тілейміз!

Read 271 times