Телефон: +7 727 262-42-07   |   +7 727 262-42-76   |   E-mail: apnkaz@mail.ru   |   www.apnk.kz   |   г. Алматы ул. Желтоксан, 185 116, 117 кабинет

«ӘЛЕМДЕГІ ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ БІЛІМ БЕРУДІҢ САПАСЫ»

Танымал компаративист ғалым Асқарбек Қабыкенұлы Құсайыновтың «ӘЛЕМДЕГІ ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ БІЛІМ БЕРУДІҢ САПАСЫ» монографиясы жарыққа шықты.

Білім беру деңгейі – экономикалық және ғылыми-техникалық прогрестің бастау көзі, мемлекет пен қоғамның табысты дамуының кепілі. Білім беру саласында кенжелеп қалу елдің бәсекеге қабілеттілігіне, ұлт болашағына және мемлекеттің қауіпсіздігіне тікелей әсер етеді.

Білім берудің сапасы – қоғамдағы білім беру үдерісінің күйі мен нәтижелігін, оның жеке адамның адамзаттық, тұрмыстық және кәсіби біліктілігін дамытудағы және қалыптастырудағы қоғам қажеттілігі мен үмітіне сәйкестігін анықтайтын әлеуметтік категория.

Монографияда білім беру сапасын бағалаудағы халықаралық PISA, TIMSS, PIRLSзерттеулерінің соңғы 10 жылдағы нәтижелері негізінде,оқушылары тұрақты түрде жоғары нәтижелер көрсететін жүлдегер-елдер: Финляндия, Гонконг (Қытай), Сингапур, Оңтүстік Корея, Жапония, Тайвань, Канада, Жаңа Зеландия және Шанхай (Қытай) екендігі анықталып, олардың табыстылығын қамтамасыз ететін негізгі факторлар анықталған. Сонымен бірге білім сапасының жоғарылауы мен оның динамикасындағы айырмашылықтар неге байланысты екенін анықтау үшін 25 елдің және бір-біріне мүлде ұқсамайтын бастапқы ұстанымға ие болған және маңызды әрі тұрақты табысқа қол жеткізе алған 20 елдің орта білім беру жүйесін зерттеген  McKinsey&Company компаниясының қызметкерлері жүргізген зерттеулердің нәтижелері талданған.

Осы зерттеулердің негізінде мектепте білім беру сапасын жоғарылатуды қамтамасыз етуге себепші маңызды 6 фактор анықталған. Олар:

–      білім беру стандарттарының халықаралық талаптарға сәйкестігі;

–      педагогикалық кадрлардың мәртебесі және олардың кәсіби біліктілігінің деңгейі;

–      білім беру сапасын бағалаудың дұрыстығы;

–      өскелең ұрпақты рухани-адамгершілік тұрғысынан тәрбиелеу тиімділігі;

–      білім беру саласындағы ғылыми зерттеулер;

–      білім беруді басқару жүйесінің тиімділігі.

 Отандық білім беру жүйесінің жағдайы осы факторлар бойынша бағаланып, соны қорытындылар жасалған.

Кітап ата-аналарға, ұстаздарға, білім беру саласы қызметкерлеріне, студенттер мен зерттеушілерге, ғалымдар мен білім беру саясатымен шұғылданатын қайраткерлерге арналған.

Демократия Үйінің Пресс-орталығында өтетін тұсаукесерде кітаппен таныстыру және білім беру сапасын арттыру мәселелері талқыланатын болады.

Автор туралы ақпарат: Құсайынов Асқарбек Қабыкенұлы – Германияның доктор-инженері, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері, Бүкілдүниежүзілік салыстырмалы білім беру қоғамдары кеңесі Атқарушы комитетінің мүшесі, Қазақстан Педагогикалық Ғылымдар Академиясының президенті.

Ұйымдастыру комитетімен байланыс үшін ақпарат: Оразахынова Салтанат Сламжанқызы, Қазақстан Педагогикалық Ғылымдар Академиясы, 050012, Алматы қаласы, Қарасай батыр көшесі, 85, 1-қабат, 10-кабинет, тел./факс: +7 727 261-08-81,       e-mailЭтот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.