Телефон: +7 727 262-42-07   |   +7 727 262-42-76   |   E-mail: apnkaz@mail.ru   |   www.apnk.kz   |   г. Алматы ул. Желтоксан, 185 116, 117 кабинет

ҚҰРМЕТТІ ӘРІПТЕСТЕР!

Сіздерді 2014 жылы 31қазан–1 қараша күндерінде Алматы қаласында өтетін

ҚАЗАҚСТАН ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМДАР

АКАДЕМИЯСЫНЫҢ МЕРЕЙТОЙЛЫҚ СЕССИЯСЫНА

қатысуға шақырамыз.

Қазақстан ПҒА-ның сессиясына ғалымдар Академияға мүшелілігіне қарамастан шақырылады.

ҚАЗАҚСТАН ПҒА-НЫҢ СЕССИЯСЫНЫҢ БАҒДАРЛАМАСЫ

·     «Салыстырмалы білім беру: әдіснамасы, заманауи үрдістері мен мәселелері» тақырыбында VI халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізу (Қосымша №1).

      Өткізілетін орны: Гранд отель «Тянь-Шань», мекен жайы: Бөгенбай батыр, 115 (Қонаев көшесінің қиылысы), Алматы қаласы.

·     Академия мүшелерін сайлау. Қазақстан Педагогикалық Ғылымдар Академиясына сайлану туралы Ережесіне сәйкес 2014 ж. 1-қараша күні сағ. 10.30-да өткізіледі.

 Мекен-жайы: Алматы қаласы, Қарасай батыр к-сі, 85-үй, 122-офис (үміткердің қатысуы міндетті).

Академияға сайлану туралы Ережемен www.apnk.kz сайтында танысуға болады. 

                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                   Қосымша №1

«Салыстырмалы білім беру: әдіснамасы, заманауи үрдістері мен мәселелері» тақырыбында VI халықаралық ғылыми-практикалық конференция 

2014 ж. 31қазан–1қараша күндерінде өтеді

КОНФЕРЕНЦИЯНЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ

                  ·        Салыстырмалы зерттеулердің әдіснамасы мен әдістемесі;

                  ·        Білім беру жүйесін басқару мен инновациялық дамуы ;

                  ·        Оқытушы білім беру үдерісінің объектісі және субъектісі ретінде;

                  ·        Жастардың рухани-адамгершілік тәрбиесі;

                  ·        Білім беру жүйесін жобалау технологиялары;

                  ·        12-жылдық білім беру: халықаралық тәжірибе;

                  ·        Терминологиялық сөздіктер дайындау тәжірибесі.

Конференция өткізу кезінде «Білім сапасын көтеру: проблемалар және оларды шешу жолдары» деген тақырыпта дөңгелек стол отырысын өткізу жоспарланып отыр.

Материалды рәсімдеу ережесі: 5 беттен аспайтын WORD редакторында жазылған мәтін, 12 кегль, жоларалық – 1,5, қаріп түрі  – Times New Roman, парақтың параметрі  – барлық жағы-нан – 2 см. Баяндаманың тақырыбы бас әріптермен, кіші әріптермен автордың тегі, аты-жөні жұмыс орны мен қызметі жазылады, содан кейін баяндаманың толық мәтіні беріледі.  Әдебиеттер тізімі мәтінде пайдалану ретіне қарай рәсімделеді.

Конференцияның жұмыс тілдері – қазақ, орыс және ағылшын. Конференцияға қатысу үшін 2014 ж. 30 қыркүйекке дейін ұйымдастыру комитетіне мынадай материалдар жіберу қажет: 1) қатысушының өтініші (ұсынылған үлгі бойынша); 2) қағазға шығарылған және электронды түрде баяндама мәтіні; 3) тіркелу жарнасын төлегенін растайтын түбіртектің көшірмесі.

Тіркелу жарнасы 4 000 тенге. Жинақты поштамен жіберу 700 теңге, Сертификат – 500 теңге. Конференциядан кейін кешкі ас-фуршет қарастырылған, бағасы – 4 500 теңге. Тіркелу жарнасын міндетті түрде, ал басқа жарналарды өз қалауыңызбен 30 қыркүйекке дейін төмендегі банкілік реквизитке төлеу керек:

«Педагогикалық Ғылымдар Академиясы» ҚБ

СТН 600700537343; БСН 040340015818

ИИК KZ138560000000419866; «БанкЦентрКредит» АҚ

БИК KCJBKZKX, кбе 18

Төлем тапсырысында: «Конференцияға қатысу үшін ұйымдастыру жарнасы, аты-жөні» жазылуы керек. Қосымша құн салығы салынбайды.

Іс сапар шығындары – жіберуші жақтың есебінен төленеді.

Жеке төлем бойынша қатысушының сертификатын беру, конференция материалдарын поштамен жіберу және кешкі ас-фуршет өткізу қарастырылған.

Ұйымдастыру комитетінің мекен-жайы: Мұнарбаева Ақторғын Орынбекқызы, Қоңырова Жұлдыз Бақтыбайқызы, Қазақстан Педагогикалық Ғылымдар Академиясы, 1-этаж, 122-кабинет, Алматы қаласы, Қарасай батыр көшесі, 85-үй, 050000, тел./факс: +7 727 267-59-54, +7 727 261-08-81, e-mail: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра..

Веб-сайт: www.apnk.kz

Конференцияға қатысу үшін

ӨТІНІШ

Автордың тегі, аты-жөні (толығымен) ____________________________________________

Мақаланың аты  ______________________________________________________________

Жұмыс орны, қызметі _________________________________________________________

Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы ________________________________________________

Пошталық мекен-жайы (индексімен) _____________________________________________

Байланыс телефоны и электронды поштасы _______________________________________

Телавтор туралы мәлімет (БАР, саны / ЖОҚ) ______________________________________

Қатысу формасы: ТІКЕЛЕЙ / СЫРТТАЙ _____­­_____________________________________

Қонақ үйдің қажеттілігі _________________________________________________________

Конференция қатысушысының сертификатының қажеттігі  (ИӘ /ЖОҚ) ________________

Кешкі ас-фуршет (ИӘ/ЖОҚ)_____________________________________________________