«Мемлекеттік рәміздер: тарих және қазіргі заман» тақырыбында өтетін Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция

28.09.2021
Новости

Педагогикалық ғылымдар академиясы Алматы қаласы Қоғамдық даму басқармасы қолдауымен Алматы қаласы әкімдігінің әлеуметтік жобасының аясында «Мемлекеттік рәміздер: тарих және қазіргі заман» тақырыбында Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізеді.

Конференцияда геральдика ғылымын зерттеудің өзекті ғылыми-тәжірибелік мәселелеріне, әртүрлі тарихи кезеңдегі Қазақстанның мемлекеттік рәміздерінің даму тарихына, Қазақстан Республикасының мемлекеттік білім беру мекемелерінің оқу-тәрбие процесінде мемлекеттік рәміздерді қолдану тәжірибесіне қатысты мәселелер талқыланатын болады.

Конференцияға қатысуға ғалымдар, жоғары, орта кәсіптік білім беретін оқу орындарының оқытушылары; докторанттар, аспиранттар, магистранттар, білім беру ұйымдарының басшылары, мұғалімдер мен жалпы білім беру мамандары, тәрбиешілер мен мектепке дейінгі білім беру мамандары, психологтар, әлеуметтік педагогтар, педагог-психологтар, қосымша білім беру мұғалімдері, кәсіби қайта даярлау мен біліктілігін арттыруды қамтамасыз ететін ұйымдардың өкілдері, ұжымдық білім беруді ұйымдастырушылар және т.б. шақырылады.

Конференция бағдарламасында ZOOM платформасы арқылы онлайн форматта пленарлық отырыс, шеберлік сағаттары, пікірталас және әдістемелік алаңдар ұйымдастыру қарастырылады. Конференцияның егжей-тегжейлі бағдарламасы өтінімдер мен баяндамаларды қабылдау мерзімі аяқталғаннан кейін қайта құрастырылап,  ПҒА сайтында жарияланады.

 

Конференцияға қатысушыларды тіркеу: 2021 жылдың 20 қазаны 10.30 -дан 10.50 -ге дейін ПҒА сайтында көрсетілген идентификатор мен код бойынша ZOOM платформасында жүргізіледі.

Пленарлық отырыс: 2021 жылдың 20 қазаны ZOOM платформасында сағат 11.00 -ден 13.00-ге дейін.

 

 Конференция жұмысының негізгі бағыттары

 

  1. Қазақстан Республикасының білім беру мекемелерінде «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мемлекетттік бағдарламасын жүзеге асыру.
  2. Заманауи геральдиканың және әртүрлі елдердің мемлекеттік рәміздерінде ұлттық бірегейлікті сақтаудың өзекті мәселелері.
  3. Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерінің тарихы.
  4. Мемлекеттік рәміздер қазақстандық патриотизмді нығайту факторы ретінде.
  5. Мемлекеттік рәміздер үздіксіз білім берудегі білім мен тәрбие тәжірибесінде.
  6. Білім беру ұйымдарында патриоттық іс-шараларды қашықтықтан ұйымдастыру мәселелері.

Шеберлік сағаттары ұйымдыстырылады (сұраныс бойынша)   

 

Конференцияға қатысу формасы мен шарттары

 

Конференцияға қатысу формасы:

1) ZOOM платформасында онлайн режимінде: баяндама жасау, секцияларда хабарлама; секциялық талқылаулар; шеберлік сағаттарға қатысу;

2) сырттай: конференцияның электронды ғылыми жинағында ғылыми баяндаманы жариялау.

Конференцияның жұмыс тілдері – қазақ, орыс және ағылшын. Конференцияға қатысу үшін 2021 жылдың 10 қазанына дейін келесі материалдар ұйымдастыру комитетінің мекен-жайына жіберілуі қажет:

1) қатысушының өтініші (қосымшаға сәйкес);

2) электрондық нұсқадағы басылым мәтіні;

 

        Конференцияға қатысу тегін. Конференция қорытындысы бойынша конференция материалдарының электронды жинағын шығару жоспарлануда. Үздік 5 жұмыс таңдалып, бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.

 

Материалдарды ресімдеу ережелері: компьютерлік мәтін 5 беттен аспайды, WORD редакторында 12 кегель, интервал – бір жарым, шрифт - TimesNewRoman, бет параметрлері – барлық жағынан 2 см. Баяндаманың немесе хабарламаның атауы бас әріптермен, астына автордың аты-жөні мен тегі кіші әріптермен, содан кейін баяндама мәтіні беріледі. Мақаланың қысқаша аңдатпасы мақала жазулған тілде және ағылшын тілінде (2-3 сөйлем). Әдебиеттер тізімі мәтінде қолданылған ретпен жасалады.

 

Ұйымдастыру комитетінің мекен-жайы: 050000, Алматы қ., Қоңырова Жұлдыз, Педагогикалық ғылымдар академиясы, Абылай хан даңғылы, 74А, 35 каб., тел: +7 727 313-18-14, e-mail: ramiz.2022@list.ru  

Сайт: www.apnk.kz

Посмотреть на карте Алматы