«Тәуелсіздік дәуірі» атты эссе байқауының қорытындылары

30.11.2020
Новости

«Тәуелсіздік дәуірі» атты эссе байқауының қорытындылары

Қараша айында Педагогикалық ғылымдар академиясы «Көшбасшы жолы. Н.Ә. Назарбаевтың мемлекеттік басқару моделін ілгерілету» әлеуметтік жобасы аясында 16-29 жас аралығындағы Қазақстан азаматтары үшін «Тәуелсіздік дәуірі» атты онлайн эссе байқауын өткізді. Байқауға Қазақстанның түкпір-түкпірінен әртүрлі санаттарға жататын: мектеп оқушылары; студенттер; мекеме қызметкерлері және басқа да ниет білдірушілер өз еңбектерін жіберді.

Қатысушылардың жіберген жұмыстары мұқият қаралып, келесі критерийлер бойынша бағаланды:

  • Эссенің тақырыпқа сай келуі
  • Тақырыптың ашылу деңгейі
  • Жұмыстың өзектілігі
  • Шығармашылық ойлау деңгейі
  • Тарихи материалдарды сараптай алуы
  • Эссенің талаптарға сай безендірілуі.

Ұйымдастырушылар тарапынан онлайн эссе конкурсының жюри мүшесі ретінде келесі мамандар тағайындалды:

  • Педагогикалық ғылымдар академиясының басқарма төрағасы, академик А.Қ.Құсайынов;
  • т.ғ.к., қауымд. профессор, әл-Фараби ат. ҚазҰУ, тарих, археология және этнология факультетінің деканы М.С.Ноғайбаева
  • әл-Фараби ат. ҚазҰУ, Археология, этнология және музеология кафедра меңгерушісінің ғылыми-инновациялық қызмет және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі орынбасары, аға оқытушы Сағындықова С.Т.
  • әл-Фараби ат. ҚазҰУ, Қазақстан тарихы кафедрасының оқытушысы Еркінбек Б.

Жюри мүшелері «Тәуелсіздік дәуірі» атты эссе байқауының жеңімпаздарын анықтады.

16-18 жас аралығындағы жеңімпаздар

I орын

Бакшеева Евгения Александровна – Қостанай ауданы әкімдігінің білім бөлімінің «Заречный мектеп-лицейінің» 10 сынып оқушысы

II орын

Жасболатова Жанар Серікжанқызы – Алматы қаласы № 72 ЖББМ 10 «Б» сынып оқушысы

Жұматай Әсел Дәулетқызы – Алматы қаласы Түрксіб ауданы №198 жалпы білім беретін мектептің 9 «б» сынып оқушысы     

III орын

Абзалова Дильназ Тәуіржанқызы – Қызылорда обл., Арал қ. Ұ.Қараманов атындағы  №262 мектеп-гимназиясының 9 сынып оқушысы

Данилова Виктория – Ученица школы №22 г. Алматы ЧОУ «SOS Детская деревня Алматы»

Жансултанова Алсу Ураловна – Ученица Свердловской средней школы Денисовского района Костанайской области

19-29  жас аралығындағы жеңімпаздар

I орын

Абатова Нұргүл Талғатқызы – Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті, Филология институты, «6В01701» Қазақ тілі мен әдебиеті мамандағының 2курс студенті

II орын

Задагереева Бекзада Айдосқызы – М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінің студенті

Қартайғанова Дәнекер – Тұран-Астана университетінің студенті

III орын

Жанахметова Алима Амиртаевна – Семей қаласының Шәкәрім атындағы университетінің студенті

Әбенова Айғаным – Қызылорда қаласы Қорқыт Ата атындағы университеттің Дәстүрлі өнер институтының студенті

Малгаждарова Дана Азаматовна – Студент НАО СКУ им. М. Козыбаева   

 

Посмотреть на карте Алматы