«Тәуелсіздік дәуірі» тақырыбында эссе байқауына жұмыстар қабылдау басталды

15.10.2020
Новости

Педагогикалық Ғылымдар Академиясы туған өлкенің тарихын зерттеуге
ынталандыру, дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау
мақсатында Алматы қаласы Қоғамдық даму басқармасының әлеуметтік
тапсырысы бойынша жоғарғы сынып оқушылары, ЖОО және колледж студенттері
арасында «Тәуелсіздік дәуірі» тақырыбында эссе байқауын өткізеді.
Байқауға қатысу үшін «Тәуелсіздік дәуірі» тақырыбында эссе мен өтінімді
көрсетілген электрондық поштаға жіберу қажет: konkursesse80@mail.ru
Өтінімдерді қабылдау 10 қарашаға дейін жүргізіледі.
Байқаудың барлық қатысушыларына сертификаттар беріледі.

https://apnk.kz/proektyi 

Эссе.pdf

Посмотреть на карте Алматы