ҰСТАЗ САНАТЫН КӨТЕРУ

19.02.2021
Новости

 Әр ұстаз үшін өз санатын көтеру үлкен абыройлы іс болып табылады. Осыған орай Академия «педагог-зерттеуші», «педагог-сарапшы», «педагог-шебер» санаттарын алуға мүдделі ұстаздар үшін қойылатын талаптар негізінде арнайы курстар дайындады.

«Зерттеуші-педагог» курсының мақсаты: оқу үдерісі мен ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастырудың әдістерін игеру және стандартты емес кәсіби міндеттерді шешуге қажетті құзыреттіліктерді жетілдіру, педагогикалық ғылыми көзқарастарды кеңейту және тереңдету.

 «Сарапшы-педагог» курсының мақсаты: нормативтік-құқықтық құжаттарға негізделген сараптамалық әрекет жасаудағы этикалық, моралдық талаптарға сай білім алушылардың даму траекторияларын талдау, рефлексиялық сараптама жасау құзыреттілігін дамыту.

 «Шебер-педагог» курсының мақсаты: өзінің және серіктестерін кәсіби-педагогикалық тәжірибесін жинақтау, авторлық бағдарламалар әзірлеуге және стратегиялық даму бағыттарын жасауға қажетті кәсіби құзыреттіліктерді дамыту.

Жалпы курс тыңдаушылары тәлімгерлік, коучтік, бағалау қызметтерін жетілдіреді, таным аймағындағы өсу қадамдары бойынша рефлексивті есеп жазу, портфолио жинақтау және қорғау құзыреттіліктерін дамытады.

Ең бастысы, тыңдаушылар барлық теориялық және практикалық дәрістерді меңгеріп, алда болатын емтихандарды нәтижелі тапсыруға қажетті білім алатын болады.

 

Курстың ұйымдастырылу базасы – Педагогикалық Ғылымдар Академиясы.

Өту формасы  – онлайн, ZOOM платформасы.

Курстың ресурстық  қамтамасыз  етілуі – электрондық пошта арқылы.

Курстың көлемі – 72 сағат.

Курсты нәтижелі аяқтаған  тыңдаушыларға сертификат беріледі.

 

Курстың құны 14900 тг.

Қосымша ақпарат үшін:

Телефон: 8 701 267 3993

Электрондық пошта: apn_kurs@mail.ru, zharmenova.aidana@mail.ru  

Посмотреть на карте Алматы