Абайдың 175 жылдығына арналған республикалық жас ақындар "Мүшайрасының" қорытындысы шықты!

15.10.2020
Новости

Абайдың 175 жылдығына арналған республикалық жас ақындар "Мүшайрасының" қорытындысы

3 қала мен 14 облыстың іріктеу кезеңінен республикалық Мүшайраға жолдама алған 51 қатысушының 50-і тыңдалды, 1 қатысушы байқаудан бас тартты. Әділ қазылар алқасы ережеге сәйкес 6 критерий бойынша жұмыстарды бағалап, 4 жүлдегерді ұсынды. Жүлдегерлердің бағалау нәтижелері: Тлеухан Дәурен Тлеуханұлы – 146 балл, Шеризатов Арман Манарбекұлы – 141 балл, Файзолла Алпамыс Бауыржанұлы – 134 балл, Досжанова Рысгүл – 126 балл.
Қаулы етті: Әділ қазылар алқасының шешімі бойынша: бас жүлдеге - Тлеухан Дәурен Тлеуханұлының, 1 орынға - Шеризатов Арман Манарбекұлының, 2 орынға - Файзолла Алпамыс Бауыржанұлының, 3 орынға - Досжанова Рысгүлдің жұмыстары лайықты деп танылды.

https://apnk.kz/proektyi 

Посмотреть на карте Алматы