Конституция күніне арналған «Ашық есік күндері» акциясы

31.08.2021
Новости

«Педагогикалық Ғылымдар Академиясы» қоғамдық бірлестігі Алматы қаласы Қоғамдық даму басқармасының қолдауымен «Отбасы институты» жобасы аясында 23-27 тамыз аралығында Қазақстан Республикасының Конституция күніне арналған «Ашық есік күндері» акциясын өткізді.

 Акция барысында әлеуметтік ортада үйлесімді қарым-қатынас құру, отбасында тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, саналы ұрпақ тәрбиелеу мақсатында психологиялық сауаттылығын көтеру, отбасында туындауы мүмкін құқықтық мәселелері бойынша психологтың, заңгердың кәсіби кеңестері берілді.

Акцияға қатысуға жастар, отбасылар, жас отбасылар шақырылды. «Ашық есік күндері» Алматы қаласының 8 ауданында өтті:

 

Аудан

Күні

Уақыты

1.      

Алмалы

23.08.2021

10:00-17:00

2.      

Алатау

24.08.2021

10:00-17:00

3.      

Әуезов

24.08.2021

10:00-17:00

4.      

Бостандық

25.08.2021

10:00-17:00

5.      

Жетісу

26.08.2021

10:00-17:00

6.      

Медеу

26.08.2021

10:00-17:00

7.      

Наурызбай

27.08.2021

10:00-17:00

8.      

Түрксіб

27.08.2021

10:00-17:00

Консультация онлайн режимде өтті. Онда келген адамдар көптеген тұрмыстық сұрақтармен келіп, мамандардың кеңесін алып, тұрақты консультацияға да жазылғандар болды. Конфиденциалдылық қамтамасыз етілді. Акция барысында «Тұрмыстық зорлық-зомбылық профиактикасы» атты конференция өтіп, онда құқықтық және психологиялық көмекті, әлеуметтік қорғауды қайдан және қалай алуға болатындығы және т.б. сұрақтар мамандармен талқыланды.

 

Посмотреть на карте Алматы