Педагог-ғалымдар мен ауылдағы қазақ мектебі мұғалімдері бірлесе атқарған еңбектерінің нәтижесінд е оқушылардың білім сапасы көтерілді

10.02.2021
Новости

Педагогикалық Ғылымдар Академиясы мен әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің ғалымдары Түркістан облысында ауылдық жерлердегі қазақ орта мектептерінде оқитын балалардың білім сапасын көтеру мақсатында 2 жыл бойы көлемді эксперимент жүргізді.

Облыстық адами әлеуетті дамыту басқармасының бастығы Рақымбек Жолаевтың қолдауымен жүргізілген экспериментке 43 мектептің 2-ші, 3-ші, 6-шы және 7-ші сыныптарында оқитын 3171 оқушы және 385 мұғалім тартылды.

Ү.ж. 10 ақпан күні Түркістан қаласында «БІЛІМ САПАСЫН ҒЫЛЫМИ НЕГІЗДЕ КӨТЕРУ. Түркістан облысында жүргізілген экспериментке қатысушылардың мақалалар жинағы» атты кітаптың тұсаукесері өткізілді. Оған, онлайн режімінде, ҚР Білім және ғылым министрлігінің жауапты қызметкерлері, Ы.Алтынсарин атындағы Қазақ білім академиясының, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, М.Әуезов атындағы ОҚМУ ғалымдары, Шымкент қаласындағы НЗМ, Білім жетілдіру орталығы, аудандың әдістемелік кабинеттер мен көптеген мектептердің басшылары мен әдіскер-ұстаздар қатысты.

2019-2020 оқу жылында Отырар және Ордабасы аудандары бойынша экспериментке қатысқан 1091 оқушының білім сапасы экспериментке қатыспаған 1143 оқушының білім сапасына қарағанда, салыстырмалы түрде алғанда, 7,0 %-ға көтерілді, ал Төлеби ауданы бойынша экспериментке 2018-2019 оқу жылынан бері қатысып келе жақтан 872 оқушышының білім сапасы экспериментке 2019-2020 оқу жылында қатысқан 1538 оқушының білім сапасына қарағанда – 6,5 %-ға жоғары болды.

Эксперимент нәтижесі бойынша, аудандық әдістемелік кабинеттер мен мектептердің ішкі резервтерін жүйелі түрде пайдалану негізінде, мектеп оқушыларының білім сапасын көтеруге болатыны тәжірибе жүзінде дәлелденді.

Рәсімге қатысқан адамдардың ұсыныс-пікірлері негізінде төмендегідей шешім қабылданды:

1. Пандемия тоқтап оқушылар мектепке оралғаннан кейін Түркістан облысының Төлеби ауданында «Білім сапасын ғылыми негізде көтеру» тақырыбында Республикалық ғылыми-практикалық конференция өткізіліп, эксперимент жұмыстары жан-жақты талқыланып, қажетті шешімдер қабылданатын болсын.

2. Эксперименттің нәтижесі бойынша Педагогикалық Ғылымдар Академиясы шығарған жинақ облыстың барлық 919 мектебіне таратылып, білім сапасын арттыруда ішкі резервті жүйелі түрде пайдалану жұмыстары жүйелі түрде іске асырылатын болсын.

 

Посмотреть на карте Алматы