Педагогикалық ғылымдар академиясының кезекті ХХІІ Cессиясы өтті

26.04.2021
Новости

Ағымдағы жылдың 23 сәуір күні Педагогикалық ғылымдар академиясының кезекті ХХІІ Cессиясы өтті. Онлайн форматтағы Сессияға барлығы 60-қа жуық адам қатысты.

Күн тәртібіне келесі мәселелер қойылды:

І. Академик А.Қ. Құсайыновтың «Оқулық жасау және бағалау  теориясы» кітабының тұсаукесерін өткізіп, талқылау

  1. Академия мүшелерін сайлау

 

Көрнекті ғалым, философия ғылымдарының докторы, профессор Сыдықов Ұлықпан Есілханұлы модератор болды.

«Оқулық жасау және бағалау  теориясы» кітабын талқылау бойынша төменде көрсетілген ғалымдар пікір білдірді:

  • Таубаева Шаркуль Таубайқызы, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ профессоры;
  • Сүлейменова Роза Айтжанқызы, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, «САТР орталығы» ЖШС директоры;
  • Рысқұлбекова Әсима Дәулетбекқызы, педагогика ғылымдарының кандидаты, «Алматыкітап» баспасы;
  • Акпаева Асель Бәкірқызы, педагогика ғылымдарының кандидаты, Абай атындағы ҚазҰПУ Педагогика және психология институты «Бастауыш білім беру» ББ кәсіби дайындық бөлімінің доценті, бастауыш сыныптарға арналған математика оқулықтарының авторы;
  • Очкур Елена Афанасьевна, шығармашылықпен жұмыс істейтін биология мұғалімдеріне арналған Республикалық әдістемелік мектептің автор және жетекшісі, «Мектеп» баспасы, «Биология» оқулығының авторы;
  • Бейбітбаева Камила Жақсыбайқызы, Oxword Press InterPress баспасының әдістемелік департаментінің басшысы;
  • Саметова Фаузия Төлеушайыққызы, филология ғылымдарының кандидаты, профессор, ПҒА жанындағы «Оқулықтану» орталығының директоры;
  • Тоқашбаев Марат Байділдәұлы, Қазақстанның құрметті журналисі, ҚР Білім беру ісінің Құрметті қайраткері, Қазақстан Педагогика Ғылымдары Академиясының академигі.

Ғалымдар бір ауыздан бұл монографияның оқулықтану ғылымын дамытуда үлкен маңызға ие екендігін және оқулық жазатын әрбір автордың үстелінде тұратын кітап болу қажеттігін айтты.

Кітаптың тұсаукесер рәсімін Сыдықов Ұлықпан Есілханұлы, Тоқашбаев Марат Байділдәұлы және Таубаева Шаркуль Таубайқызы өткізіп, кітапқа ақ жол тіледі.

 

Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша ПҒА академигі, ф.ғ.к., профессор Ф.Т. Саметова Академия мүшелігіне үміткелерден келіп түскен құжаттармен таныстырды. ПҒА сессиясы онлайн форматта болғандықтан, әрбір үміткердің суреттері мен кандидатурасы бойынша мәліметтер слайд түрінде ұсынылды. Үміткерлердің барлығы жеке қатысып, өздерінің ғылым мен білімдегі іс-әрекеттері, ой-толғамдары туралы қысқаша баяндама жасады. Академия мүшелері баяндамаларды талқылап, үміткерлерге сұрақтар қойды.

Жасырын дауыс беру негізінде ПҒА-ның толық мүшелері (академиктері) болып сайланғандар:

Бейсембаева Алтынай Абдихановна, педагогика ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор (доцент), Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ Ғылыми кеңесінің ғылыми хатшысы;

Жекеев Мәлік Қасымұлы, техника ғылымдарының докторы, профессор, М.Әуезов атындағы ОҚМУ;

Ишанов Пірмағамбет Зульпхарұлы, педагогика ғылымдарының кандидаты, Phd доктор, Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің доценті (қауымдастырылған профессор);

Карманова Жанат Алпысқызы, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті;

Найманбаев Бекмұрат Рахымбердіұлы, тарих ғылымдарының докторы, профессор міндетін атқарушы Шымкент қаласы, SILKWAY Халықаралық университеті;

Стукаленко Нина Михайловна, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, «Өрлеу» БАҰО АҚ Ақмола облысы бойынша ПҚ БАИ директоры.

 

ПҒА-ның корреспондент мүшелері қатарына сайланғандар:

Айтжанова Роза Мұқантайқызы, педагогика ғылымдарының кандидаты, профессор, академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті КЕАҚ педагогика факультеті деканының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары;

Белгібаева Гүлбаршын Қапанқызы, педагогика ғылымдарының кандидаты, мектепке дейінгі және психологиялық-педагогикалық дайындық кафедрасының доценті, Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті;

Дурмекбаева Шынар Нұрлыбекқызы, биология ғылымдарының кандидаты, биология және оқыту әдістемесі кафедрасының меңгерушісі, Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті;

Кaлимжaнoвa Poзa Лaйыққызы, философия докторы (PhD), Педагогика және психология кафедрасының меңгерушісі Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институты;

Нурланова Асем Нұрланкызы, филология ғылымдарының кандидаты, Қазақстан-Американдық еркін университетінің доценті;

Нурмуханбетова Нұргүл Нұркенқызы, химия ғылымдарының кандидаты, доцент, Ш.Уәлиханов атындағы университеті;

Нұрымов Бауыржан Аблайұлы, PhD докторы, психология магистрі, Павлодар педагогикалық университеті аға оқытушы;

Фахруденова Идия Болатқызы, биология ғылымдарының кандидаты, Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті.

 

Академия Президиумының ұсынысы бойынша педагогика ғылымы мен білімді дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін төменде көрсетілген көрнекті ғалымдар:

Заң ғылымдарының докторы, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ профессоры Шакиров Каримжан Нұрымұлы – ПҒА-ның Құрметті академигі;

экономика ғылымдарының кандидаты, доцент, Ж.Баласағұн атындағы Қырғыз Ұлттық Университетінің кәсіптік колледжінің директоры (Қырғызстан) Акматов Аскарбек  – ПҒА шетелдік мүшеcі;

Филология ғылымдарының кандидаты, профессор, Ақмола облысы білім басқармасы жанындағы «Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжі» МКҚК директоры Ахат Нұртас Ахатұлы,   филология ғылымдарының докторы, профессор, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры кеңесшісі, Жақып Бауыржан Өміржанұлы – Академияның толық мүшесі (академигі);

Педагогика ғылымдарының кандидаты, Silkway университетінің президенті Юнусов Ифтихар Бахтиярұлы ПҒА-ның корреспондент мүшесі болып сайланды.

 

Барлық әріптестерімізді Академия мүшелігіне өтуімен шын жүректен құттықтаймыз және еліміздің педагогика ғылымын дамыту жолындағы еңбектеріне шығармашылық табыс тілейміз!

 

Академия ақпараты

 

 

 

Посмотреть на карте Алматы