ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМДАР АКАДЕМИЯСЫНЫҢ СЕССИЯСЫ / ЕЖЕГОДНАЯ СЕССИЯ АКАДЕМИИ ПЕДАГОГИЧЕСКИХ НАУК

01.11.2021
Новости

Сіздерді 2021 жылы 3 желтоқсан күні онлайн форматта өтетін

ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМДАР

АКАДЕМИЯСЫНЫҢ СЕССИЯСЫНА

қатысуға шақырамыз.

 

Ғалымдарды Сессияға Академияға мүшелігіне қарамастан шақырамыз.

 

ҚАЗАҚСТАН ПҒА СЕССИЯСЫНЫҢ БАҒДАРЛАМАСЫ

 

  • Академик А.Қ. Құсайыновтың «Оқулық жасау және бағалау теориясы» кітабының тұсаукесерін өткізіп, талқылау. 
  • Академия мүшелерін сайлау.

Академия мүшелерін сайлау Педагогикалық Ғылымдар Академиясына сайлану туралы Ережеге сәйкес жүзеге асырылады (Қосымша №1).

Құжаттар 27 қарашаға дейін қабылданады.

Үміткерлер жүргізген ғылыми ізденістері негізінде мемлекеттік деңгейде шешуді қажет ететін білім беру мәселелері жөнінде нақты ұсыныстар айтулары қажет (Презентация 5-7 мин.).

Сесия мәжілісі 23 сәуір күні сағ.10:00-да өткізіледі.

Ақпарат үшін: Педагогикалық Ғылымдар Академиясы, 050000, Алматы қ., Абылай хан даңғылы, 74а, 3-қабат, 35 каб. Веб-сайт: www.apnk.kz

Анықтама үшін: Қоңырова Жұлдыз Бақтыбайқызы 8 778 514 97 47,

тел.: 8 (727) 313-18-14, 313-18-15,  e-mail: apnkaz@mail.ru.

 

Қосымша №1

 

Педагогикалық Ғылымдар Академиясына

сайлану туралы ЕРЕЖЕ

 

Бұл Ереже Қазақстанның Педагогикалық Ғылымдар Академиясына Академияның толық мүшелерiн (академиктерiн), корреспондент-мүшелерiн, шетелдік мүшелерін, құрметтi академиктерiн, сондай-ақ Академия мүшелерін және ұжымдық мүшелерiн сайлаудың ретiн анықтайды

 

1.Педагогикалық Ғылымдар Академиясының (әрі қарай мәтінде - Академия) толық мүшелерін (академиктерiн), корреспондент мүшелерiн, құрметтi академиктерiн және шетелдік мүшелерін сайлау Академияның Жарғысы мен осы Ережеге сай Академияның жалпы жиналысында жылына екі рет, Академия Президиумы белгілеген уақытта өткiзедi.

  1. Академия мүшелерін және ұжымдық мүшелерiн сайлау өтініш түсуіне қарай Академия Президиумының кезекті мәжілісінде өткізіледі.
  2. Академия Президиумы жыл сайын атақтардың әрқайсысы бойынша бос орындарды анықтайды.
  3. Академияның толық мүшелерi (академиктер), корреспондент-мүшелерi, құрметтi академиктерi, шетелдік мүшелерімен мүшелерi өмiр бойына сайланады.
  4. Академияның толық мүшелерiн, корреспондент-мүшелерiн және құрметтi ака-демиктерiн сайлау туралы хабар республикалық баспасөзде сайлау өтетiн күннен бiр ай бұрын жарияланады.
  5. Академияның толық мүшесі болып ғылым докторы ғылыми дәрежесi және өзінің ғылыми мектебі бар, елімізде және шет елдерде кеңінен танымал бiлiм, ғылым, мәдениет салаларының көрнектi қайраткелерi, Академияның корреспондент-мүшелерi, ерекше жағдайларда Мемлекет және қоғам қайраткерлері сайланады.
  6. Академияның корреспондент-мүшесі болып ғылым докторы және кандидаты ғылыми дәрежесi бар, бiлiм, ғылым, мәдениет салаларының көрнектi қайраткерлерi сайланады.
  7. Академияның құрметтi академигi болып ғылым докторы ғылыми дәрежесi бар көрнекті ғалымдар, еліміздің білім беру жүйесінің дамуына ерекше мол үлес қосқан ғылым, білім, мәдениет салаларының ұйымдастырушылары сайланады.
  8. Академияның мүшесі болып бiлiм, ғылым және мәдениет салаларының қызметкерлері, бiлiм беру жүйесін ұйымдастыру мен дамытуда мол тәжiрибе жинақтаған жаңашыл мұғалiмдер, зерттеушi мұғалiмдер, әдiскер-мұғалiмдер сайланады.
  9. Академия Жарғысында ұжымдық мүшелiк те қарастырылады. Академияның ұжымдық мүшелiгіне бiлiм мен тәрбие мекемелерi (мектептер, кәсiптiк-техникалық мектептер, колледждер, жоғары оқу орындары және т.б.), Республикалық ғылыми-практикалық, ғылыми-зерттеу және басқа да институттар мен орталықтар, Академияның мiндеттерiн iске асыруға бағытталған бiлiм, ғылым мен мәдениеттi дамытуды өзiне мақсат етiп қойған қоғамдық ұйымдар мен бiрлестiктер сайланады.
  10. Академияның толық мүшелігіне, корреспондент-мүшелігіне және құрметті академигіне сайлануға кандидаттарды ұсыну құқығы жоғары оқу орындарының, білім беру және ғылыми мекемелердің, республикалық және облыстық (қалалық) білім беру саласы қызметкерлерінің білімін жетілдіру институттарының ғылыми кеңестеріне беріледі.
  11. Академияның мүшелігіне сайлануға кандидаттарды ұсыну құқығы облыстық, қалалық, аудандық білім басқармалары мен педагогикалық ұжымдарға беріледі.
  12. Үміткерлер Академияның толық мүшесі және корреспондент мүшесі болып сайлану мақсатында конкурсқа қатысу үшiн Академия Президиумына төменде көрсетілген құжаттарды тапсыруы керек:

- Академия президентi атына конкурсқа қатысуы жөнiндегi өтiнiш;

- өмiрбаяндық анықтама;

- ұсынылғаны жөніндегі Ғылыми кеңестің шешімі;

- жеке iс парағы (үй және қызмет орнының мекен-жайы, телефондар, факстер, e-mail мiндеттi түрде көрсетілуі қажет);

- негізгі ғылыми еңбектерiнiң тiзiмi;

- жоғары бiлiм, ғылыми дәрежелер мен ғылыми атақтар берілгені туралы дипломдар көшiрмесi;

- ғылыми-педагогикалық жұмысы жөніндегі қысқаша есебi;

- педагогика ғылымы мен білім сапасын көтерудің маңызды проблемаларына арналған, қортындылар мен ұсыныстар айтылған баяндама;

- 3 дана сурет (3х4 көлемiнде).

Академияның ұжымдық мүшесiне сайлану үшін төмендегi құжаттарды тапсыруы керек:

- Академияның президентi атына өтiнiш;

- бiлiм беру қызметiн атқаруға берiлген лицензия көшiрмесi;

- соңғы 3 жылда жасалған бiлiм беру қызметi туралы қысқаша анықтама.

  1. Академияның мүшесі болып сайлану үшiн Академия Президиумына төменде көрсетілген құжаттарды бір данадан тапсыру керек:

- Академия президентi атына өтiнiш;

- өмiрбаяндық анықтама;

- ұсынылғаны жөніндегі педагогика ұжымының шешімі;

- жеке iс парағы (үй және қызмет орнының мекен-жайы, телефондар, факстер, e-mai мiндеттi түрде көрсетілуі қажет);

- негізгі ғылыми және методикалық еңбектерiнiң тiзiмi;

- жоғары бiлiм туралы дипломның көшiрмесi;

- педагогикалық жұмысы жөніндегі қысқаша есебi;

- 3 дана сурет (3х4 көлемiнде).

  1. Академияның толық мүшесі, корреспондент-мүшесi және мүшесi болып сайланғандар белгiленген көлемде бiр рет кіру жарнасын төлейдi. Академияның құрметтi академиктерi мүшелiк жарна төлеуден босатылады.
  2. Академияның толық мүшесі, корреспондент-мүшесi болуға үміткер Академияның жалпы жиналысына қатысып, ғылыми баяндама жасау міндетті. Академияға сайлану әр үміткерге жеке жабық дауыс беру тәртiбімен өткiзіледi. Жалпы жиналысқа қатынасқан Академия мүшелерінің көпшілігі қолдап дауыс берген жағдайда үміткер Академияға мүшелікке қабылданады.

Академия Президиумында қаралуы үшін барлық үміткерлер құжаттарын және баяндамаларынын тезисін Сессия отырысынан 10 күн бұрын тапсыруы қажет.

  1. Академияға сайланған адамдарға арнайы куәлік пен диплом тапсырылады. Олар Академияның жарғысына сәйкес оның мүшелерiне белгiленген құқықтарды пайдалана алады.
  2. Академия мүшелiгiнен шығу Президиумға берiлген өтiнiш арқылы iске асырылады. Президиум шешiмiнiң бұл ретте қажетi жоқ. Академиядан өз еркiмен шыққан адамдарға мүшелiк жарна қайтарылмайды.
  3. Жарғының талаптарын бұзу және Академия қызметiне зиян келтiрiп, оның мақсаттары мен мiндеттерiне қайшы әрекет жасау Академия Президиумы шешіміне орай оның құрамынан шығаруға соқтыруы мүмкiн. Бұл жағдайда Академия Президиумының шешімі ең соңғы шешім болып есептелінеді. Академиядан шығарылған адамдарға мүшелiк жарналар қайтарылмайды.

 

Академия мүшелерiнiң құқықтары:

- Академия өткiзетiн шараларға қатынасу;

- Академияның басқару орындары мен құрылымдық бөлімдерін сайлау және оларға сайлану;

- Академияның негізгі жұмыс бағыттарын, жобалары мен бағдарламаларын анықтау, жасау және оларды іске асыруға қатынасу;

- Академияның Президиумының қарауына ғылыми және ұйымдастырушылық ұсы-ныныстар жасау;

- Академияның жалпы жиналысына ғылыми және ғылыми-өнiдiрiстiк мәселелердi талқылауға ұсыныс жасау, ол үшін Академия Президиумын жазбаша түрде алдын-ала хабардар ету;

- Академияның секцияларын, бөлiмдерiн, филиалдарын, институттарын, ғылыми-практикалық орталықтарын, ғылыми-әдiстемелiк және басқа авторлық ұжымдарды құру туралы өтініш жасау;

- Академия өткiзетiн түрлi конкурстарға қатынасу;

- Академияның толық мүшелігі мен корреспондент мүшелігіне үміткерлерді ұсына алу;

- Академиядан еркiн шыға алу;

- Заң және Академия Жарғысы талаптарындағы, сондай-ақ Академияның жалпы жи-налысы мен Академия Президиумы шешiмдерiне байланысты берілген құқықтарды пайдалану.

 

Академия мүшесiнiң мiндеттерi:

- Академияның жарғы талаптарын іске асыру мақсатында жүргізілетін ғылыми-әдіс-темелік, баспа, көрме және басқа да жұмыстарды іске асыруға қатынасу;

- мұғалiм және ғылыми-педагог кадрлардың біліктілігін көтеруге ат салысу;

- Академияның және оның мүшелерiнiң педагогика, үздiксiз бiлiм мен тәрбие беру салаларындағы жетістіктерін насихаттау;

- әр жыл сайын қаңтар айында жыл бойында атқарған ғылыми және педагогикалық жұмысы жайында Академия Президиумына есеп беріп отыру.

- Академияның әрекет аясын кеңейту және ұлғайту мақсатында оның қаржысын және материалдық мүмкiндiктерiн көбейтуге атсалысу;

- Академия Жарғысына сай басқа да мiндеттердi, сондай-ақ Академияның жалпы жиналыстары мен Президиум шешiмдерiн iске асыру.

 

Академия Президиумы хаттамасының көшірмесі

28 қаңтар 2012 ж. №1

Тыңдалды: Академияның мүшесіне өту үшін төленетін кіру жарнасы мөлшері туралы.

Шешім қабылданды: Кіру жарнасының мөлшері төменде көрсетілген шамаларда белгіленсін:

-толық мүше                                                                      - 50 000 теңге;

-корреспондент мүше                                                       - 40 000 теңге;

- Академия мүшесі                                                              - 8 000 теңге;

- ұжымдық мүше, оның ішінде:

  • ЖОО, республикалық ғылыми-педагогикалық, - 80 000 теңге;

зерттеу және басқа да институттар мен орталықтар;

  • колледждер, облыстық ғылыми-әдістемелік, - 40 000 теңге;

зерттеу және басқа даинституттар мен орталықтар                   

  • КТМ, КТЛ   - 30 000 теңге;
  • мектептер, лицей, гимназиялар - 10 000 теңге.

 

 

Бас ғалым хатшы                                                               А. Булатбаева

 

_________________________________________________________________________________________________________________________________

 

Приглашаем Вас принять участие в работе

 

ЕЖЕГОДНОЙ СЕССИИ

АКАДЕМИИ ПЕДАГОГИЧЕСКИХ НАУК,

которая пройдет в онлайн формате 3 декабря 2021 года

 

Для участия в Сессии АПН приглашаются

ученые, независимо от членства в Академии.

 

В ПРОГРАММЕ СЕССИИ АПН

 

  • Презентация и обсуждение книги академика А.К. Кусаинова «Теория создания и оценки учебника».
  • Выборы членов Академии.

Выборы осуществляются согласно Положению о выборах Академии Педагогических Наук (Приложение №1). 

Документы принимаются до 27 ноября.

Кандидаты на основе своих научных исследований должны представить конкретные предложения касающиеся проблем образования, решение которых важно на государственном уровне (Презентация 5-7 мин.).

Заседание Сессии состоится 23 апреля в 10:00 час.

Для информации: Академия Педагогических Наук, 050000, г.Алматы, пр. Абылай хана, 74а, 3-этаж, 35 каб. Веб-сайт: www.apnk.kz

Для справок: Конырова Жулдыз Бактыбайкызы 8778 514 97 47,  

тел.: 8 (727) 313-18-15, 313-18-14, e-mail: apnkaz@mail.ru

 

Приложение №1

 

Положение о выборах в Академию Педагогических Наук

 

Настоящее положение определяет порядок выборов действительных членов (академиков), членов-корреспондентов, почетных академиков, иностранных членов, а также членов и коллективных членов Академии Педагогических Наук

 

  1. Выборы действительных членов (академиков), членов-корреспондентов и почетных академиков и иностранных членов Академии Педагогических Наук (далее в тексте - Академия) производятся на общем собрании Академии в соответствии с Уставом Академии и настоящим положением два раза в год, в сроки, установленные президиумом Академии.
  2. Выборы членов и коллективных членов Академии проводятся на очередном заседании Президиума Академии по мере поступления заявлений.
  3. Президиум Академии ежегодно устанавливает число вакансий по каждому из званий Академии.
  4. Действительные члены (академики), члены-корреспонденты, почетные академики, и иностранные члены Академии избираются пожизненно.
  5. Сообщение о проведении выборов действительных членов и членов-корреспондентов Академии публикуется в республиканской печати за один месяц до даты проведения выборов.
  6. Действительными членами Академии избираются известные в стране и за рубежом деятели образования, науки и культуры, имеющие ученую степень доктора наук и свою научную школу, члены-корреспонденты Академии, в исключительных случаях Государственные и общественные деятели.
  7. Членами-корреспондентами Академии избираются видные деятели образования, науки и культуры, имеющие ученую степень доктора или кандидата наук.
  8. Почетными академиками Академии избираются выдающиеся ученые, имеющие ученую степень доктора наук, организаторы науки и образования, внесшие весомый вклад в совершенствование отечественной системы образования.
  9. Членами Академии избираются работники системы образования, науки и культуры, имеющие большой опыт и заслуги в организации и развитии образования, учителя-новаторы, учителя-исследователи и учителя-методисты.
  10. Устав Академии предусматривает также коллективное членство. Коллективными членами АПН могут быть учреждения образования и воспитания (школы, ПТШ, колледжи, ВУЗы и др.), республиканские научно-практические, исследовательские и другие институты и центры, общественные организации и объединения, ставящие своей целью развитие образования, науки и культуры, деятельность которых содействует реализации задач Академии.
  11. Право выдвижения кандидатов в действительные члены, члены-корреспонденты и почетные академики предоставляется Ученым советам вузов,  образовательных и научных организаций, республиканских и областных (городских) институтов повышения квалификации работников системы образования.
  12. Право выдвижения кандидатов в члены Академии предоставляется областным, городским, районным управлениям образования и педагогическим коллективам.
  13. На участие в конкурсе избрания действительных членов и членов-коррес-пондентов конкурсанты представляют в Президиум Академии следующие документы:

- заявление на имя президента Академии об участии в конкурсе;

- биографическая справка;

- решение Ученого совета о выдвижении кандидата;

- личный листок по учету кадров (с обязательным указанием домашнего и служебногоадресов, телефонов, факсов, e-mail);

- список основных научных трудов;

- копии дипломов о высшем образовании, о присуждении ученых степеней и ученых званий;

- краткий отчет о научно-педагогической деятельности;

- доклад, посвященный важной проблеме педагогической науки и повышения качества образования с выводами и предложениями.

- три фотографии (размером 3х4).

Претенденты на коллективное членство Академии представляют следующие документы:

- заявление на имя президента Академии;

- копия лицензии на ведение образовательной деятельности;

- краткую справку об образовательной деятельности за последние 3 года;

  1. Для избрания членом Академии конкурсанты представляют в Президиум Академии следующие документы:

- заявление на имя президента Академии об участии в конкурсе;

- биографическая справка;

- решение педагогического коллектива о выдвижении кандидата;

- личный листок по учету кадров (с обязательным указанием домашнего ислужебногоадресов, телефонов, факсов, e-mail);

- список основных научных и методических трудов;

- копии дипломов о высшем образовании;

- краткий отчет о педагогической деятельности;

- три фотографии (размером 3х4).

  1. Лица, избранные академиками, членами-корреспондентами, почетными членами Академии, оплачивают разовый вступительный взнос в установленном размере. Почетные академики освобождаются от вступительного взноса.
  2. Участие и выступление с научным докладом на общем собрании Академии претендента на звания действительного члена и члена-корреспондента является обязательным. Выборы членов Академии проводятся строго индивидуально по результатам тайного голосования. Выборы признаются действительными при результате положительного голосования большинства из присутствующих членов Академии.

Все претенденты должны предоставить свои документы и тезисы докладов за 10 дней до заседания Сессии для рассмотрения их Президиумом Академии.

  1. Лица, избранные в Академию, получают диплом и удостоверение и в соответствии с Уставом Академии пользуются правами, установленными для ее членов.
  2. Досрочный выход из членов Академии осуществляется на основании заявления, поданного в Президиум. Решения Президиума при этом не требуется, вступительный взнос при добровольном выходе из Академии не возвращается.
  3. За нарушение требований Устава и действия, приносящие ущерб деятельности Академии, противоречащие ее целям и задачам, возможно исключение из Академии по решению Президиума. Решение Президиума по данному вопросу является окончательным. Вступительные взносы при исключении из членов Академии не возвращаются.

 

Члены Академии имеют право:

  • участвовать в мероприятиях проводимых Академией;
  • избирать и быть избранным в органы управления и структурные подразделения Академии;
  • участвовать в определении, разработке и реализации основных направлений дея-тельности, проектов и программ Академии;
  • вносить на рассмотрение Президиума Академии научные и организационные пред-ложения;
  • вносить научные и научно-производственные вопросы на обсуждениеОбщего собрания Академии, заблаговременно известив об этом в письменной форме Президиум Академии;
  • формировать секции, отделения, филиалы Академии, институты, научно-практические центры, научно-методические и другие авторские коллективы;
  • принимать участие в различных конкурсах, проводимых Академией;
  • выдвигатькандидатурывдействительныечлены и члены-корреспондентыАкадемии;
  • свободно выйти из Академии;
  • осуществлять иные права, предусмотренные Уставом Академии, а также решениями Общего собрания и Президиума Академии, принятыми в соответствии с их компетенцией.

 

Член Академии обязаны:

  • активно участвовать в научной, консультативной, методической, выставочной и других видах деятельности Академии, направленных на реализацию ее уставных целей;
  • участвовать в повышении квалификации учительских и научно-педагогических кадров;
  • пропагандировать достижения Академии и ее членов в области педагогического и непрерывного образования и воспитания;
  • ежегодно в начале января представлять в Президиум Академии отчет о своей научной и педагогической деятельности за прошедший год;
  • вносить иные обязанности, предусмотренные Уставом Академии, а также реше-ниями Общего собрания и Президиума Академии.

 

Выписка из протокола Президиума Академии

№1 от 28 января 2012 г.

Слушали: О размере вступительного взноса в члены Академии

Установили: Вступительные взносы установить в следующих размерах:

- действительный член                      - 50 000 тенге;

- член-корреспондент                        - 40 000 тенге;

- член Академии                                 -8000 тенге;

- коллективный член, в том числе:

  • вузы, республиканские научно-педагогические, - 80 000 тенге;

исследовательские и др.институты и центры                                         

  • колледжи, областные научно-методические, - 40 000 тенге;

исследовательские и др. институты и центры                                              

  • ПТШ, ПТЛ - 30 000 тенге;
  • школы, лицеи, гимназии -10 000 тенге.

 

 

Главный ученый секретарь                                              А. Булатбаева