Академия туралы
"Педагогикалық Ғылымдар Академиясы" ҚБ 2004 жылы академик А.К. Құсайыновтың бастамасымен белгілі ғалымдар тобымен құрылған. Академияның негізгі мақсаты-еліміздің белгілі ғалымдарының күш-жігерін біріктіре отырып, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне үздіксіз білім беру және педагогикалық ғылымдар жүйесін дамытудағы жұмысына қолдау көрсету.
Біздің мақсаттарымыз
Үздіксіз білім беру және педагогикалық ғылым жүйесін дамытуға, рухани-адамгершілік тәрбиеге жан-жақты жәрдемдесу
Ғылыми-инновациялық қызметті, ғалымдар мен практиктердің кәсіби шоғырлануын дамыту
Білім беру жүйесіне ғылыми және инновациялық қызмет нәтижелерін енгізу
Халықаралық ғылыми-зерттеу жобаларына, конференцияларға, Конгрестерге, симпозиумдарға және білім беру мен ғылым саласындағы шетелдік ұйымдардың қызметіне қатысу
Көбірек маңызды, перспективалы, ғылыми және инновациялық зерттеулерді іске асыру
Академия мүшелері
227
нақты мүшелерін (академиктерін)
217
корреспондент-мүшелерін
15
Құрметті академиктерді
30
Шетелдік мүшелерді
251
ҚПҒА мүшелерін
50
ұжымдық мүшелерін
ҚПҒА өзекті жаңалықтары
ҚПҒА ХХХ сессиясы
23 мамыр күні Абай атындағы Қазақ ҰПУ-де Қазақстан Педагогикалық Ғылымдар Академиясының ХХХ сессиясы өтті. Сессияда Академия президенті А.Құсайынов Түркістан облысында Білім сапасын көтеру мақсатында жасалып жатқан жұмыстарға тоқталды, Ж.Мусин ат. Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінің директоры, ҚРҒА академигі Н.Ахат колледжде цифрлы дәуірде білім сапасын көтеру туралы көлемді баяндама жасады. Академия құрамына жаңа мүшелер сайланды. Академияның толық мүшесі (Академик) болып: Ж.Қ. Туймебаев, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры, филол.ғ.д., профессор Г. Ә. Қанай, Казақ Ұлттық ҚызПУ ректоры, PhD Д.Р. Орынбеков, Семей қаласы Шәкәрім университетінің ректоры, техн.ғ.к., қауымдастырылған профессор Б.Ә. Айнабекова, Астана қаласы Медицина университетінің кафедра меңгерушісі, м.ғ.д., профессор Г.Р. Батпенова, Астана қаласы Медицина университетінің кафедра меңгерушісі, м.ғ.д., профессор О.М. Жолымбаев, Семей қаласы Шәкәрім университетінің қауымдастырылған профессоры, ф-м.ғ.к. А,Қ. Қозыбай, Абай атындағы ҚазҰПУ профессоры, п.ғ.д. Б.С. Сарбасов, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ қауымдастырылған профессоры, фил.ғ.к. Е.К. Сейсенбеков, ҚызҰПУ профессоры, п.ғ.к. сайланды. Академияның корреспондент-мүшесі болып: Ә.Е. Сихымбаев, Қ.А. Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетінің қауымдастырылған профессоры, б.ғ.к. К.М. Хамчиев, Астана қаласы Медицина университетінің кафедра меңгерушісі, м.ғ.к., профессор сайланды. Академияның Құрметті академик атағы Ардагер педагог, «Қазақстанның Еңбек сіңірген ұстазы» Күліш Төлеухановаға берілді. Академияның шетелдік мүшесі болып: Ғ.Г.Ахмедов, Әзірбайжан Республикасы Білім институтының ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлау бөлімінің меңгерушісі, п.ғ.д,. профессор О.Н. Бозоров, Экономика және педагогика университетінің ректоры (Өзбекстан), т.ғ.к., профессор Ә.Р. Маллаев, Экономика және педагогика университетінің професоры (Өзбекстан), т.ғ.к. Ә.М. Тургунов, Экономика және педагогика университеті профессоры, (Өзбекстан), т.ғ.к. М.А. Хайдаров, Низами атындағы Ташкент мемлекеттік педагогикалық университетінің профессоры, п.ғ.д. сайланды. Академияның мүшелері болып: С.В. Урываев, Т.Әубәкіров ат. гимназия директоры, Теміртау қаласы С.А. Белкина, Т. Әубәкіров ат. гимназия директорының орынбасары, математика пәнінің мұғалімі, Теміртау қаласы Г.Ж. Метаева, Т.Әубәкіров ат. гимназия мұғалімі, Теміртау қаласы – сайланды.
Дәрісте: білім беру жүйесіндегі өзекті мәселелер, Шетелде білім беру
Сәуірдің 11 і күні Алматы қ., Педагогикалық ғылымдар академиясының президенті, п.ғ.д., профессор, белгілі компоративист ғалым А. Қ. Құсайынов Жалпы педагогика және психология кафедрасының ПОҚ құрамы, докторанттар мен магистранттар үшін “ Білімді ұрпақ- ұлт болашағы” тақырыбында дәріс оқыды. Дәрісте: білім беру жүйесіндегі өзекті мәселелер, Шетелде білім беру: Сингапур, Япония, Қытай, Германия, Польша, Финляндия мемлекеттеріндегі орта білім беру мәселесінің озық тәжірибелері туралы сөз болды.
Түркістан облысы білім басқармасы басшысының штаттан тыс кеңесшісі Құсайынов Асқарбек Қабыкенұлының қатысуымен «Орта білім беру сапасын ғылыми-практикалық негізінде көтеру» тақырыбында семина
Төлеби ауданының білім бөліміне қарасы «Жаңа-ұйым» жалпы білім беретін мектебінде Абай атындағы Қазақ ҰПУ зерттеуші-профессоры, Қазақстан Педагогикалық Ғылымдар Академиясының президенті, академик, Түркістан облысы білім басқармасы басшысының штаттан тыс кеңесшісі Құсайынов Асқарбек Қабыкенұлының қатысуымен «Орта білім беру сапасын ғылыми-практикалық негізінде көтеру» тақырыбында семинар өткізілді. Семинарға Төлеби ауданының жобаға қатысатын 16 мектеп директорлары, оқу ісі орынбасарлары және пән мұғалімдері қатысты. Қаралған өзекті мәселелер:1.Білім сапасын арттыруға арналған аспектілер туралы; 2. І-ІІІ тоқсанның 2, 5 сыныптардағы пәндер бойынша білім сапасын мониторингісін талдау; Семинарда Жаңа-ұйым жббм директоры Ибрагимов Сабит, Ы.Алтынсарин атындағы жббм директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Зайтова Гульмира, Қасқасу жббм директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Есмурзаев Бауыржан, №2 Ш.Уалиханов ат.жббм директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Саятұлы Ардақ білім сапасын арттыруға бағытталған мектептердегі атқарылып жатқан нәтижелі тың жобалары және тәжірибелерімен ой бөлісіп, білім мен тәжірибе алмасудың жақсы алаңы болды. Ұсыныстар: 1.Білім сапасын арттыру үшін мектепаралық шығармашылық топ құру.2.1 сыныптар білім сапасын көтеру үшін бағалау жүйесінің жүргізілуі (эксперимент). 3. Пән мұғалімдерінің әдіс-алмасу және ақылдасу сабақтарының жүйелі болуы. 4. Басқару мен басшылықтың білім сапасын көтерудегі жұмысы. т с с. Семинар барысында өзекті мәселелер қозғалып, келген ұстаздар тың идеялар мен пайдалы тәжірибелермен бөлісті. Семинар нәтижелі өтті.
Орта білім беру сапасын ғылыми –практикалық негізде көтеру
«Орта білім беру сапасын ғылыми –практикалық негізде көтеру» бағдарламасының ғылыми жетекшісі Абай атындағы Қазақ ҰПУ зерттеуші- профессоры, Қазақстан Педагогикалық Ғылымдар Академиясының президенті, облыстық білім басқармасының штаттан тыс кеңесшісі, академик Асқарбек Қабыкенұлы Құсайынов кезекті іс-сапарымен Ордабасы ауданына келді. М.Исламқұлов атындағы мектепте бағдарлама аясында жұмыс жүргізіп отырған жеті мектептің басшылары мен мұғалімдерімен кездесіп, ІІІ тоқсанда атқарылған жұмыстар бойынша әңгімелесті. Сабақтарға қатысып, құнды пікірлерімен бөлісті.
«Орта білім беру сапасын ғылыми –практикалық негізді көтеру»
2024-2025 оқу жылында Түркістан облысы әкімінің қолдауымен «Орта білім беру сапасын ғылыми –практикалық негізді көтеру» бағдарламасы іске асуда. Бағдарламаның ғылыми жетекшісі Абай атындағы Қазақ ҰПУ зерттеуші- профессоры, Қазақстан Педагогикалық Ғылымдар Академиясының президенті, облыстық білім басқармасының штаттан тыс кеңесшісі, академик Асқарбек Қабыкенұлы Құсайыновтың жетекшілігімен Ордабасы ауданында ата-аналармен кездесу өтті. 1,2 және 5 сынып ата-аналарымен жеке кездескен профессор еркін форматта әнгіме жүргізді. «Тәрбие тал бесіктен басталады» деп бастаған алғашқы сөзін ғалым шет елдердегі тәрбиелеу қандай деңгейде жүргізілетінін өз тәжірибесінде көріп келген әсерімен бөлісті. Ата-аналар сұрақ-жауап алысып, әр қазақтың баласы деп шырылдап журген ғалымға разылықтарын айтып тарқасты.
БАРЛЫҚ
ЖАҢАЛЫҚТАР
Егер сіз орта білім сапасын арттыру мәселелерімен, оқулықтану ғылымының әдіснамасымен және оқулықты әзірлеу теориясымен танысқыңыз келсе, сондай-ақ сапалы оқулық жазуды үйренгіңіз келсе, "Оқулықты әзірлеу әдіснамасы және авторлардың кәсіби дағдыларын жетілдіру"курстарына шақырамыз.
"Қазақстан ПҒА Хабаршы" ғылыми журналы ҚР БҒМ БҒСБК журналды импакт фактор ҰО қазақстандық дәйексөз келтіру базасының деректері бойынша педагогикалық ғылымдар бойынша негізгі нәтижелерді жариялау үшін ұсынды 0,074"
Жыл көлемінде 6 реттен 20 мақала шығарылады
Өтінім беру және мақала жазу талаптарымен танысу үшін поштаға жазыңыз apnkaz@mail.ru