"Қазақстан Педагогикалық Ғылымдар академиясының" ресми сайтына қош келдіңіздер. Біз сізді осы бетте көруге өте қуаныштымыз және сіз біздің веб-сайтқа кіріп, көптеген пайдалы ақпаратты таба аласыз деп үміттенеміз.
КіруКурстың мақсаты
Оқулықтағы ғылым әдіснамасымен және оқулықты әзірлеу теориясымен танысу, оқулықты әзірлеудің практикалық дағдыларын жетілдіру.
Оқулықты әзірлеу әдіснамасы және авторлардың кәсіби дағдыларын жетілдіру
38 500 тг күндізгі бөлім
29 500 тг қашықтықтан оқу
Біздің курстарға қатысқыңыз келсе, осы құжаттарды толтырып, пошта арқылы жіберуіңізді сұраймыз
Оқулық авторы ретінде ел игілігі үшін заман талабына сай оқулық шығаруға қатысты ұйымдастырып отырған бастамаларыңызды көріп тәнті болдым. Сіздерге деген ризашылығымды сөзбен жеткізе алмайтын шығармын. Аталған курстан көп әсер алдым. Алдағы уақытта да осылай тығыз бірлікте жұмыс жасармыз деп үміттенемін. Қазақстан педагогикалық ғылымдар академиясының ұжымына шығармашылық тілеймін! Биік белестерден көріне беріңіздер!
Сіздердің авторларды оқытуға арналған барлық дәрістеріңізбен таныса отырып, алғысымды білдіргім келеді! Біріншіден, оқудың ұйымдастырылуы автор үшін барлығы түсінікті. Оқытушылармен кез келген жағдайда жұмыс жасау, хабарласу мүмкіндігі қарастырылған. Екіншіден, кері байланыс арқылы теориялық білімімізді оқулықтарымызды бастан аяқ талдау арқылы көп нәрсеге көзіміз жетті. Үшіншіден, ең бастысы, оқулық жазу – жарыс, ермек емес, үлкен жауапкершіліктің, салиқалы ойдың, білімнің тоғысқан жері екенін үнемі естен шығармау керектігін меңгердім. Өзім үшін осындай білімді, білікті ұжымның басшысы, ғалым А. Құсайынов мырзаның дәрістерінен жүйелі жұмысты көріп, қуанып отырмын. Мен жоба сабаққа «Болашақтың мектебін» алдым. Сіздердің ұжымдарыңыздың болашағы да биік, мазмұнды болатынына сенімдімін!
Оқулық авторларының курсы әрдайым үзбей ұйымдастырылуы керек. Биылғы курсты Педагогикалық ғылымдар академиясы оқулықтану теориясы негізінде, А.Құсайыновтың талай жылғы зерттеу нәтижесінде алынған контент бойынша ұйымдастырғаны пайдалы болды. Сапалы оқулыққа жету жолында шаршамайық! Іске сәт!
Курс «Методология разработки учебника и совершенствование профессиональных навыков авторов», организованный АПН при поддержке МОН РК, представляется полезным, эффективным, удачным с точки зрения сочетания разных форм работы (теоретической и практической), логики построения: от знакомства с основными научными категориями учебниковедения, освещения теории разработки учебника до системы критериального оценивания дидактического аппарата, дидактических функций учебника и создания фрагмента учебника. Достоинством курса является практическая часть. Будучи автором учебников, я смогла выполнить работу эксперта, взглянуть на свои учебники с этой позиции, понять, что оценить учебник очень сложно, но и просто, имея в наличии детально разработанные критерии.
Оқулықтану ғылымының әдіснамалық негіздерімен және оқулық әзірлеу теориясымен таныстырып, авторлардың оқулық құрастырудағы практикалық дағдыларын жетілдірген курстың бізге берген пайдасы мен білімі орасан зор екені даусыз. Курс барысында оқулықтанудың негізгі ғылыми ұғымдарымен, оқулықтарды құрастыру саласындағы әлемдік тәжірибемен, оқулық әзірлеу тарихымен, оқулық әзірлеу теориясымен, оқулыққа қойылатын талаптарды анықтайтын нормативті құжаттармен, оқулықты бағалау критерийлері жүйесімен танысып, оқулықтың дидактикалық аппаратына және қызметіне қойылатын талаптарды меңгердік, оқулық құрастырудағы практикалық дағдыларды жетілдірдік. Сондықтан, курсты іске асыру мақсатында жұмыс істеген барша ұйымдастырушыларға алғыс айтамын! Елімізде осындай заманауи курстар мен бағдарламалар көбейе берсін. Қазақстанның білім беру жүйесінің дұрыс арнада дамуына атсалысайық!
Курс біліктілік көтеру барысында оқулықтанудың білім сапасына сыни қарауға, оқулық құрастырудың логикасын терең үңілуге, оқулық сапасын саралаудың механизмдеріне креативті қарауға және түрлі бағалау әдістерін меңгеруге ықпалын тигізді. Әсіресе маған ұнағаны курс мазмұнын өзінің уақытыңа қарай онлайн меңгеру және бағалау өлшемдерінің оңтайлы берілуі, электрондық ресурстардың ыңғайлы қойылуын ерекше атауға болады. Оқулықтарды талдау, көп ізденісті, сыни қарауды, болашақ оқулықтарына жаңа идея туғызуда да орны ерекше. Сондықтан курстың авторларға көмегі зор дей отырып, сәттілік, табыс және тыңдармандарыңыз көп болсын деп тілеймін.
Курс отвечает своей цели, авторы имеют возможность ознакомиться с экспертными требованиями к учебникам. это важно для написания учебника и УМК в целом. Структура курса логична и понятна. Слушатели заранее получили требования к выполнению заданий и сроки сдачи. Работа проводилась оффлайн, что удобно для курсантов. На сайте выложены лекции в формате видео и презентаций. По завершении блока – тесты по изученному материалу. Это позволило контролировать свой уровень продвижения. Для выполнения итоговой работы было дано достаточное время, что позволило заранее планировать работу над ней. В целом курс был полезен и интересен.
Құрметті, Педагогика ғылымдары академиясының курс ұйымдастырушылары! Халқымыздың «Білгенің бір тоғыз, білмегенің тоқсан тоғыз» деген мәтелі нақ осы семинар мазмұны туралы айтылғандай. Себебі, оқулық жазу тәжірибесін жаңадан жинақтап, автор ретінде қалыптасу үдерісімде үйренерім көп болды. Оқу әдістемелік кешендерді әзірлеуге қойылатын талаптар мен бағалау критерийлерін егжей-тегжейлі талдап, білім беру сапасын арттырудың тетіктерін білуге, оқулық жазуға жаңа қырынан қарауға, талдап бағалауға берілген лекциялар өте мазмұнды, авторлық жұмысымызды дамытуға оң ықпал етті. Оқу-әдістемелік кешен даярлауда жұмысты неден бастап, қалай аяқтау қажеттілігін жүйелі түрде таныстырды. Дидактикалық міндеттерді қалай белгілейміз, мақсатты айқындау, білім беру мазмұнын белгілеу, мазмұнды қандай дидактикалық принциптер мен әдіс-тәсілдер арқылы жеткізетінімізді, оқу құралдарын таңдауды, оқушының оқу әрекетін түрлі формада ұйымдастыру, оқу нәтижесін анықтау, бағалау тетіктерін жоспарлау туралы кеңінен ашып айтты. Оқулық мазмұнының ішкі компоненттеріне қойылатын талаптарды, олардың арасындағы балансты сақтау, оқушының жас ерекшелігіне сай мәтін немесе иллюстрация көлемі, сапасы, сөз саны қандай болуы тиіс екенін өзінің жинақталған көп жылғы авторлық жұмысынан мысалдар келтіре отырып, терең ұғынуыма жағдай жасады. Мектеп оқулығының моделі бойынша әр пәннің өзіндік атқаратын функциясының жан жақты жүзеге асырылуына, оқулықтың оқушы үшін ынталандырушы, қолдаушы және ажырамас пайдалы дереккөз болуын қалыптастыру туралы жаңа идеялар алдым. Өткен әрбір тақырыпты несімен пайдалы болды деп ашып тарқатып жазуға болады.Басты түйінді ой: «Курс өте мазмұнды және дер кезінде ұйымдастырылды. Өзім сияқты жаңадан авторлық шығармашылық жолына түскен мамандарға таптырмайтын білім көзі, пайдалы тәжірибе!». Педагогика ғылымдары академиясы ұжымына алғысым шексіз! Нағыз кәсіби шыңдалған педагогтер командасы екендеріңізді тағы да бір дәлелдедіңіздер!
Оқулықты әзірлеу әдіснамасы және авторлардың кәсіби дағдыларын жетілдіру курсы жайлы пікір. Курс оқулықты жазып жүрген тәжрибелі авторлар үшінде, оқулықты жазуды енді бастағалы жатқан авторлар үшінде өте тимді құрастырылған деп санаймын. Курстың теориялық бөлімін оқыған лекторлар оқулық жазу әдіснамасын жан-жақты зерттеп, зерделей отырып оқыған лекциялары құнды. Курс барысында тыңдаушылардың орындайтын тапсырмалары жүйелі берілген. Тәжірибелі автор ретінде, өз оқулығымды оқулық критерийлері бойынша практикалық тұрғыдан талдау барысында, жіберген кемшіліктерімді өзім айқын байқай алдым. Әрине оқулық жазудағы кемшілігіңді біреудің көрсеткенінен өзің анықтауың алдағы уақытта жаңа оқулықтар жазу барысында мұндай қателер жібермеудің кепілі. Мен үшін курстың ең тиімді жақтары: 1. Өз оқулығымды өзіме сараптатып, қателеігімді өзім анықтауым; 2. Авторлық еңбектеріме сыни көзқараспен қарауды үйретті; 3. Оқулық жазудың теориялық әдістемесін меңгеруге көмектесті. Курсты жүргізген ұстаздар қауымына алғыс айта отырып, еңбегіне шын жүректен ризашылықпен шығармашылық тілеймін!
Осы курстан менің алған әсерім мол болды. Курс басталғаннан бастап өзімді мазалап жүрген сұрақтарыма жауап алдым. Жаңартылған білім беру бағдарламасына байланысты сабаққа қолданатын әдіс-тәсілдер өте көп болды. Курс аясында дәріс оқыған лекторлардың дәріс беруі көңілімнен шықты. Алдағы уақытта осындай сапалы курстар жиі ұйымдастырылып, семинарлар көбірек қамтылса деген ұсынысым бар. Көңіл қойып, ой түйетін маңызды ақпараттар педагогикалық білімімді тереңдете түсті. Теория түрінде де, тәжірибе түрінде де өзіме қажетті өте мол қор жинадым деп айталамын. Курс жаңа леп, тың идеяларды ұсынып оқулық жазудың тиімді жолдарын айқындап берді. Осы курстан әрбір ұстаз жақсы мағлұматтар алғаны күмәнсіз. Өйткені қанша жаңа ақпарат алып,оқулық жазудың жаңа әдіс-тәсілдерін меңгердік. Алдағы уақытта осы бағытпен жұмысымызды жалғастырамыз деген ойдамын. Ұйыдастырушыларға, курс жетекшілеріне алғыс айта отыра, еңбектеріңізге жеміс тілеймін
Хочу выразить большую благодарность всей команде АПНК за создание такого проекта! Когда перед нами, издательствами, была поставлена задача за относительно короткий срок обучить всех авторов, для нас это было настоящим вызовом. В первую очередь нас беспокоили сроки, язык подачи материала и объём предстоящей работы. Хочу сказать, что Ваша команда смогла создать очень подходящий запросу, правильно структурированный курс, который помог авторам не только ознакомиться с важнейшими критериями и требованиями научно-педагогической экспертизы, но и дал возможность посмотреть на учебники с точки зрения экспертной оценки. Мы уверены, что это окажет положительное влияние на разработку учебных материалов в будущем и улучшит качество содержания учебников.
Курсы для авторов казахстанских учебников необходимы были давно, так как теория учебника в нашей стране развивается медленно. Между тем это самая нужная практикоориентированная теория, имеющая непосредственную реализацию в виде учебников. Эти курсы должны быть постоянно действующими (проводимыми периодически). Это важно для того, чтобы специалисты, планирующие стать авторами учебников, имели возможность усвоить научные основы разработки учебно-методической продукции. Кроме того, будущие авторы должны пройти эти курсы заблаговременно до самого процесса разработки учебников, чтобы они не отвлекали авторов при непосредственной работе над учебниками. Курсы мне понравились тем, что правильно определена их структура, охватывающая как технический, так и содержательный аспекты учебников. Благодарим всех казахстанских ученых-коллег, которые приложили максимальные усилия по разъяснению ключевых вопросов по разработке учебников и разместили их в электронном формате. Радует инициатива АПН Казахстана, которая взялась за это нелегкое дело.
В этом году Академией педагогических наук Казахстана впервые были организованы очень полезные курсы для авторов учебников. Казалось бы, что многие авторы имеют большой авторский стаж, курсы были поучительными и, очень нужными. Во-первых, серьезно и ответственно была продумана и разработана программа курсов, включающая цикл полезных лекций и разработанных к ним практических, тестовых и творческих заданий. Лекции по содержанию вроде бы и знакомы для авторов, но траектория обучения была выстроена таким образом, что каждый этап работы был полезным для нас - авторов. В этом большая заслуга организатора и координатора курсов. Во-вторых, содержание каждой лекции было глубоко продумано, последовательно, логически завершено. Так очень полезно, проникновенно, поучительно, профессионально было представлено в лекциях содержание лекций.. Содержательным был и наглядный материал к каждой лекции в виде слайдов. Лекторы Кусаинов Аскарбек Кабыкенович, Кунакова Клара Умирзаковна, Саметова Фаузия Толеушайховна, Рыскулбекова Асима Даулетбековна, Алимов Асхат Камзаевич в своих, насыщенных полезной информацией лекциях дали нам нужные ориентиры в работе. После каждой лекции для нас были разработаны тестовые задания в соответствии с содержанием лекций. Программа курсов дала нам возможность сразу получить результат тестовых заданий и если результат не устраивал слушателя, то тогда представлялась возможность переработать задание. Затем, выполняя 19 практических работ, мы побывали в роли экспертов и провели научно-педагогическую экспертизу своего учебника. Где определили итоговый средний балл за 2 раздела экспертизы и итоговый средний балл учебника. В заключении сделали аналитический вывод – полный анализ по экспертизе учебника, вывод и экспертное решение по учебнику Биология 7 класс авторов Очкур Е.А., Курмангалиева Ж.Ж., издательство «Мектеп», 2017 г. Работа по срокам была напряженной, но очень интересной и нужной. В заключение творческой работы нами были сделаны выводы и предложения. Спасибо большое организаторам и лекторам курсов.