"Қазақстанның Педагогикалық Ғылымдар Академиясы" қоғамдық бірлестігін (ҚПҒА) 2004 жылы академик А.Қ. Құсайыновтың бастамасымен белгілі ғалымдар тобы құрған. Академияның негізгі мақсаты еліміздің белгілі ғалымдарының күш-жігерін біріктіре отырып, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне үздіксіз білім беру мен педагогикалық ғылым жүйесін дамыту жұмысында қолдау көрсету болып табылады.
"Қазақстанның Педагогикалық Ғылымдар Академиясы" қоғамдық бірлестігін (ҚПҒА) 2004 жылы академик А.Қ. Құсайыновтың бастамасымен белгілі ғалымдар тобы құрған. Академияның негізгі мақсаты еліміздің белгілі ғалымдарының күш-жігерін біріктіре отырып, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне үздіксіз білім беру мен педагогикалық ғылым жүйесін дамыту жұмысында қолдау көрсету болып табылады.
Қазіргі уақытта ҚПҒА құрамында: 186-толық мүшелері (академиктер); 157 – к орреспондент-мүшелері; 14 – құрметті академиктер; 20 – шетелдік мүшелері; 167 – ҚПҒА мүшелері және 40-ұжымдық мүшелері (ҒЗИ, ЖОО, мектептер және т.б.). ҚР БҒМ Ғылым комитетімен келісім шарт негізінде ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізілуде, 20-дан астам монография жарық көрді. Алматы қаласы әкімдігінің тапсырысы бойынша маңызды әлеуметтік зерттеулер жүргізілуде.
2005 жылы Академия жанынан Қазақстанның салыстырмалы педагогикасы жөніндегі кеңесі құрылды. Бұл Кеңес салыстырмалы білім беру қоғамдарының Дүниежүзілік кеңесінің құрамына қабылданды. Кеңес мүшелері шет елдерде өткен көптеген халықаралық конгрестерге, симпозиумдарға, салыстырмалы білім беру бойынша конференцияларға қатысты. 2008 жылдан бастап Академия жыл сайын салыстырмалы педагогиканың өзекті мәселелеріне арналған Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізеді.
2012-2014 жылдары Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің тапсырысы бойынша Академия Ә.Құсайыновтың ғылыми жетекшілігімен ғылым мен техниканың, экономика мен мәдениеттің барлық салаларын қамтыған 30 томдық қазақ-орыс және орыс-қазақ салалық терминологиялық сөздіктерінің сериясын дайындап шығарды. Бұл жұмысқа 350-ге жуық адам, оның ішінде 52 мекемеде: жоғары оқу орындарында, ғылыми-зерттеу институттарында, академияларда, министрліктер мен Парламентте, А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтында жұмыс істейтін 144 ғылым докторы мен 120 ғылым кандидаты тартылды. Әр том 9000-12000 терминдерді қамтиды. Бұл сөздіктерді ел Үкіметі жанындағы Терминологиялық комиссия қарап, мақұлдады.
"Қазақстан Педагогикалық Ғылымдар академиясының хабаршысы" педагогикалық ғылымдар бойынша ғылыми еңбектерді жариялау үшін еліміздегі жетекші ғылыми басылымдардың бірі болып табылады. 2014 жылы ол ҒТИ ҰО қазақстандық дәйексөз базасының деректері бойынша импакт-факторы бар рейтингтік журналдар тізіміне (0,074) енгізілді.
Академия 20-дан астам отандық және шетелдік ғылыми және білім беру мекемелерімен өзара тиімді ынтымақтастықты жүзеге асырады.
Қазіргі уақытта
ҚПҒА-да
204нақты мүшелерін (академиктерін)
185корреспондент-мүшелерін
11Құрметті академиктерді
23Шетелдік мүшелерді
179ҚПҒА мүшелерін
50ұжымдық мүшелерін
Филология ғылымдарының кандидаты, доцент
18.07.1973"Оқулықтану" орталығының директоры
180710@mail.ruЖаратылыстану ғылымдарының магистрі
23.11.1991Аппарат басшысы
zhuldyz-91.23@mail.ruӘлеуметтік жұмыс және жастармен жұмысты ұйымдастыру магистрі
08.10.1993Жоба менеджері
zharmenova.aidana@mail.ru