ҚПҒА ХХХ сессиясы
23 мамыр күні Абай атындағы Қазақ ҰПУ-де Қазақстан Педагогикалық Ғылымдар Академиясының ХХХ сессиясы өтті.
Сессияда Академия президенті А.Құсайынов Түркістан облысында Білім сапасын көтеру мақсатында жасалып жатқан жұмыстарға тоқталды, Ж.Мусин ат. Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінің директоры, ҚРҒА академигі Н.Ахат колледжде цифрлы дәуірде білім сапасын көтеру туралы көлемді баяндама жасады.
Академия құрамына жаңа мүшелер сайланды.
Академияның толық мүшесі (Академик) болып:
Ж.Қ. Туймебаев, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры, филол.ғ.д., профессор
Г. Ә. Қанай, Казақ Ұлттық ҚызПУ ректоры, PhD
Д.Р. Орынбеков, Семей қаласы Шәкәрім университетінің ректоры, техн.ғ.к., қауымдастырылған профессор
Б.Ә. Айнабекова, Астана қаласы Медицина университетінің кафедра меңгерушісі, м.ғ.д., профессор
Г.Р. Батпенова, Астана қаласы Медицина университетінің кафедра меңгерушісі, м.ғ.д., профессор
О.М. Жолымбаев, Семей қаласы Шәкәрім университетінің қауымдастырылған профессоры, ф-м.ғ.к.
А,Қ. Қозыбай, Абай атындағы ҚазҰПУ профессоры, п.ғ.д.
Б.С. Сарбасов, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ қауымдастырылған профессоры, фил.ғ.к.
Е.К. Сейсенбеков, ҚызҰПУ профессоры, п.ғ.к. сайланды.
Академияның корреспондент-мүшесі болып:
Ә.Е. Сихымбаев, Қ.А. Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетінің қауымдастырылған профессоры, б.ғ.к.
К.М. Хамчиев, Астана қаласы Медицина университетінің кафедра меңгерушісі, м.ғ.к., профессор сайланды.
Академияның Құрметті академик атағы Ардагер педагог, «Қазақстанның Еңбек сіңірген ұстазы» Күліш Төлеухановаға берілді.
Академияның шетелдік мүшесі болып:
Ғ.Г.Ахмедов, Әзірбайжан Республикасы Білім институтының ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлау бөлімінің меңгерушісі, п.ғ.д,. профессор
О.Н. Бозоров, Экономика және педагогика университетінің ректоры (Өзбекстан), т.ғ.к., профессор
Ә.Р. Маллаев, Экономика және педагогика университетінің професоры (Өзбекстан), т.ғ.к.
Ә.М. Тургунов, Экономика және педагогика университеті профессоры, (Өзбекстан), т.ғ.к.
М.А. Хайдаров, Низами атындағы Ташкент мемлекеттік педагогикалық университетінің профессоры, п.ғ.д. сайланды.
Академияның мүшелері болып:
С.В. Урываев, Т.Әубәкіров ат. гимназия директоры, Теміртау қаласы
С.А. Белкина, Т. Әубәкіров ат. гимназия директорының орынбасары, математика пәнінің мұғалімі, Теміртау қаласы
Г.Ж. Метаева, Т.Әубәкіров ат. гимназия мұғалімі, Теміртау қаласы – сайланды.