1-ҚЫРКҮЙЕК БІЛІМ КҮНІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!

01.09.2022
Новости

Қадірлі балалар, ата-аналар мен ұстаздар!

Жазғы демалыс күндері зымырап өтіп, тағы да бір оқу жылына қадам басқалы тұрмыз. «Оқу – білім азығы, білім – ырыс қазығы» деп, дана бабаларымыз айтқандай, осы жылы да алған білімдеріңіз мәнді болғай!
Сыңғырлай соғылған қоңырау үні, әсіресе бірінші сыныптың табалдырығын аттайтын жас бүлдіршіндеріміз бен олардың ата-аналары үшін, жүрек тебірентер мәңгі есте қалатын бақытты сәт болары хақ. Осы қоңырау үні жас ұрпағымыздың ойында мәңгі сақталып, оларға сырлы да сынды, қызығы мен қуанышы мол өмір жолын сыйласа деймін.
Қуаныштарыңыз ұзағынан болғай!
Еліміз – кемел, ұрпағымыз – келешекті болсын!

Асқарбек Құсайынов,
Педагогикалық Ғылымдар Академиясының презиенті,
академик, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты.
Алматы қ., 01.09.2022 ж.