Түркістан облысы білім басқармасы басшысының штаттан тыс кеңесшісі Құсайынов Асқарбек Қабыкенұлының қатысуымен «Орта білім беру сапасын ғылыми-практикалық негізінде көтеру» тақырыбында семина
Төлеби ауданының білім бөліміне қарасы «Жаңа-ұйым» жалпы білім беретін мектебінде Абай атындағы Қазақ ҰПУ зерттеуші-профессоры, Қазақстан Педагогикалық Ғылымдар Академиясының президенті, академик, Түркістан облысы білім басқармасы басшысының штаттан тыс кеңесшісі Құсайынов Асқарбек Қабыкенұлының қатысуымен «Орта білім беру сапасын ғылыми-практикалық негізінде көтеру» тақырыбында семинар өткізілді.
Семинарға Төлеби ауданының жобаға қатысатын 16 мектеп директорлары, оқу ісі орынбасарлары және пән мұғалімдері қатысты.
Қаралған өзекті мәселелер:1.Білім сапасын арттыруға арналған аспектілер туралы; 2. І-ІІІ тоқсанның 2, 5 сыныптардағы пәндер бойынша білім сапасын мониторингісін талдау;
Семинарда Жаңа-ұйым жббм директоры Ибрагимов Сабит, Ы.Алтынсарин атындағы жббм директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Зайтова Гульмира, Қасқасу жббм директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Есмурзаев Бауыржан, №2 Ш.Уалиханов ат.жббм директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Саятұлы Ардақ білім сапасын арттыруға бағытталған мектептердегі атқарылып жатқан нәтижелі тың жобалары және тәжірибелерімен ой бөлісіп, білім мен тәжірибе алмасудың жақсы алаңы болды.
Ұсыныстар: 1.Білім сапасын арттыру үшін мектепаралық шығармашылық топ құру.2.1 сыныптар білім сапасын көтеру үшін бағалау жүйесінің жүргізілуі (эксперимент). 3. Пән мұғалімдерінің әдіс-алмасу және ақылдасу сабақтарының жүйелі болуы. 4. Басқару мен басшылықтың білім сапасын көтерудегі жұмысы. т с с.
Семинар барысында өзекті мәселелер қозғалып, келген ұстаздар тың идеялар мен пайдалы тәжірибелермен бөлісті. Семинар нәтижелі өтті.