«Кел, қазақ тілін үйренейік» атты онлайн курс ұйымдастырылды
Педагогикалық Ғылымдар Академиясы ү.ж. Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің тапсырысы бойынша және Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы қолдауымен «Жастар арасында мемлекеттік тілді кеңінен танымал ету жөнінде іс-шаралар өткізу» әлеуметтік жобасын жүзеге асыруды қолға алған. Жоба мақсаты – қоғамдағы рухани мәселе – ұлттық құндылықтарымыздың жойылып кетпеуіне жол бермеу. Осы жоба аясында 2022 жылдың 16 тамыздан бастап келесі шара – «Кел, қазақ тілін үйренейік» атты онлайн курс ұйымдастырылды.