Ұлттық білім академиясына 100 жыл!

04.11.2021
Новости

     Биыл Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясына 100 жыл! Аталмыш мерейтойға орай, қазан айының 14 жұлдызында Ұлттық білім академиясында 2001-2003 жж. Академияға басшылық еткен академик Асқарбек Құсайыновпен кездесу өтті. Кездесуде Ы.Алтынсарин атындағы ҰБА Орта білім мазмұны институты басшысының орынбасары Ә.Дүйсебек А.Құсайыновтың ғылымдағы жетістіктері, Академияны басқарған кезде атқарған жұмыстары жайлы баяндама жасады. А.Құсайынов «12 жылдық мектептің білім мазмұнын жасау – басты проблема», «Білім сапасын көтерудегі ішкі резервтің маңызы» тақырыптарында баяндама жасады. Баяндамалар талқыланып, Академия мүшелері өз ойларымен бөлісті.