«ҮЗДІК ҰСТАЗ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТӘУЕЛСІЗ ҚОҒАМДЫҚ БАЙҚАУЫ

16.04.2021
Новости

Қазақстан Педагогикалық Ғылымдар Академиясы (Қазақстан ПҒА) мектеп, колледж директорлары мен директорлардың орынбасарлары, ұстаздар мен оқытушылар арасында ХIІ Республикалық тәуелсіз қоғамдық байқау өткізеді.

Құжаттарды қабылдау ү.ж. 1 мамырына дейін созылды.

 

БАЙҚАУДЫ ӨТКІЗУ ЕРЕЖЕСІ

Байқау Ережесі Қазақстан ПҒА Жарғысына сәйкес дайындалған.

Байқаудың өткізілу мақсаты: кәсіби іс-әрекетінде жоғары нәтижелерге жеткен шығармашыл ұстаздарды анықтау, олардың алдыңғы қатарлы тәжірибелерін зерттеу, тарату, кәсіби шеберліктерін арттыруға қолдау көрсету және жеңімпаздарды марапаттау.

  1. Байқауды өткізуді ұйымдастыру:
    • Байқаудың ашық және дұрыс өтілуін қамтамасыз ету үшін байқау комиссиясы құрылады.
    • Байқау комиссиясына жоғары білікті мамандар, педагогтар тартылады. Комиссия төрағасы – Қазақстан ПҒА президенті.
  2. Байқаудың өткізілу реті:
    • Байқау жылына 2 рет өткізіледі;
    • Байқауға құжаттарын тапсыру уақытына дейін үздіксіз еңбек өтілі 3 жылдан кем емес және жұмыста жеке үздік көрсеткіштері барбілім беру саласының қызметкерлері қатыса алады.
  3. Байқауға қатысу үшін төменде көрсетілген құжаттарды тапсыру керек:
    • өтініш (үлгі бойынша) *.pdf, *.jpg, *.jpeg, *.png форматында;
    • байқауға қатысушының кәсіби іс-әрекетінде жеткен жетістіктеріжазылғананалитикалық есебі (2-3 бет)Word форматында;
    • байқауға қатысушының түйіндемесіWord форматында;
    • ғылыми, әдістемелік еңбектері мен БАҚ-да жарық көрген мақалалар тізімі(тек қана шығыс мәліметтері көрсетілген тізімді жіберу керек, материалдардың өздерін және портфолио тапсыру қажет емес) Word форматында;
    • 3х4 сурет (электронды түрде *.jpg, *.jpeg, *.png форматында);
    • мақсатты ұйымдастыру жарнасының төленгендігі жөніндегі түбіртек.
  4. Мәліметтер мемлекеттік немесе орыс тілдерінде беріледі.
  5. Байқаудың мәліметтері қағаз немесе электронды нұсқада 3-бөлімде көрсетілгендей етіп жинақталуы және пошта арқылы немесе Академияның электронды адресіне жіберілуі керек.
  6. Байқауға қатысу үшін 15 000 теңге мақсатты ұйымдастыру жарнасын төлеу қажет.

Қолма-қол төлемеген жағдайда жарнаны Академияның банк реквизитіне аударуға болады:

«Педагогикалық Ғылымдар Академиясы» ҚБ

050000, Алматы қ., Абылай хан даңғылы,74А,3-қабат, 35 каб.

РНН 600 700 537 343; БИН 040 340 015 818; ИИК KZ138560000000419866

АО «Банк Центркредит» БИК KCJBKZKX КБЕ 18

Тел.: 8 (727) 313-18-14, 313-18-16, 8778-514-9747; e-mail: apnkaz@mail.ru; веб-сайт: www.apnk.kz

  • Аналитикалық есептер жинағын А5 форматында жұмсақ түптеудегі кітап түрінде алу құны 3500 теңге.
  1. Байқау нәтижелері 2021 жылы 6 мамыр күні Академияның сайтында жарияланады.
  2. Марапаттау реті: Байқау жеңімпаздарына арнайы «Үздік ұстаз» деп жазылған төсбелгі (Монетный дворда арнайы тапсырыспен дайындалған), куәлік, сертификат және жеңімпаздардың аналитикалық есептері мен фотолары берілген жинақ электрондық тасымалдағышта немесе А5 форматындағы жұмсақ түптеуіндегі кітап түрінде тапсырылады (жіберіледі).
  3. Марапаттау уақыты мен өткізілу форматы мамыр айында (қосымша хабарланады).

Жеңімпаздар туралы ақпарат Астана, Алматы қалалары мен облыстық БАҚ-да жарияланады.

Қатысушы Конкурстың жеңімпазы болып танылмаған жағдайда ұйымдастыру жарнасы 70% мөлшерінде қайтарылады.

ЕСКЕРТУ: Жинаққа әр қатысушының есебі редакцияланбай, берілген қалпында енгізіледі.

 

Үлгі

«Үздік ұстаз» байқауына қатысуға

Өтініш

 

 

Аты-жөні __________________________________________________________________

(жеке куәлік бойынша)

Жұмыс орны _______________________________________________________________

Атқаратын қызметі __________________________________________________________

Білімі ______________________________________________________________________

Жұмыс өтілінің мерзімі ______________________________________________________

Жұмыс орны басшысының аты-жөні: ___________________________________________

(жеке куәлік бойынша)

Мекеменің мекен-жайы және тел. ______________________________________________

___________________________________________________________________________

                                                               (облыс, аудан, қала/ауыл, көше)

Үйінің мекен-жайы және тел. _________________________________________________

                                                     (облыс, аудан, қала/ауыл, көше, үй/пәтер номері)

 

Ұялы тел. __________________________________________________________________

Жеке e-mail: ________________________________________________________________

Жұмыс орнының e-mail: ______________________________________________________

Жинақ (электронды / кітап) түрі:_______________________________________________

 

 

 

 

______________________________

(фамилия,инициалдары)

 

«____» _____________ 2021 ж.