2019 жылы 18-19 қазан айында Нұр-Сұлтан қаласында «Білім беру ресурстарын жаңғырту: тәжірибе және болашағы» ХҒПК өтті, оның ұйымдастырушылардың бірі ПҒА болды.
ПҒА президенті А.Қ. Құсайынов пленарлық мәжілісте «Заманауи оқу басылымдарының сапасын бағалаудың әдіснамалық тәсілдемелері» атты баяндама жасады.
Секция отырысында ПҒА «Оқулықтану» орталығының директоры Ф.Т. Саметова «Оқулықтың дидактикалық қызметін бағалау критерийлері – оқулық сапасын арттыру шарты ретінде» тақырыбында баяндама жасады.
Конференцияда Ресей, Оңтүстік Корея және Финляндия ғалымдары баяндама жасап, Ресейлік әріптестер оқулықтардың сапасын бағалау критерийлерін жасау тәжірибесімен бөлісті.