А.Қ. Құсайыновтың 70 жылдық мерейтойына арналған «Әлемдік білім кеңістігіндегі оқыту мен тәрбиелеудің жаңа көкжиектері» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференция

05.05.2021
Новости

ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Философия және саясаттану факультеті

Педагогика және білім беру менеджменті кафедрасы

 

ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМДАР АКАДЕМИЯСЫ

 

Құрметті әріптестер!

 Сіздерді 2021 жылдың 5 маусымында Алматы қаласында өтетін академик А.Қ. Құсайыновтың 70 жылдық мерейтойына арналған «Әлемдік білім кеңістігіндегі оқыту мен тәрбиелеудің жаңа көкжиектері» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференция жұмысына қатысуға шақырамыз.

Конференция мақсаты: білім беру жүйесін модернизациялаудағы дәстүрлер мен инновациялардың сабақтастығы мәселелерін талқылау.

Конференцияға қатысуға ғалымдар, оқытушылар, ұстаздар мен әдіскерлер, докторанттар, магистранттар мен студенттер шақырылады.

 

Конференция жұмысының бағыттары:

  • Жаһандану жағдайындағы әлемдік білім беру жүйелерінің интеграциясы.
  • Жастардың рухани-адамгершілік тәрбиесі: құндылықтар мен бағдарлар.
  • Университет 4.0 форматындағы білім беру үдерісін цифрландыру.
  • Әлемдегі және Қазақстандағы білім берудің сапасы: салыстырмалы аспект.
  • Ғалымдар мен ойшылдардың оқу кітабын жасау туралы идеяларын ғылыми-практикалық тұрғыда саралау.
  • Академик А.Қ. Құсайыновтың cалыстырмалы педагогика саласындағы ғылыми-педагогикалық мектебі.

 

ӨТЕТІН ОРНЫ МЕН УАҚЫТЫ

Алматы, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті,

5 маусым 2021 жыл, басталу уақыты сағат 10.00

 Конференция онлайн және оффлайн режимдерінде өтеді

 

Қосымшаны жүктеу