"Абайдың 175 жылдығына арналған "Мүшайра" республикалық жас ақындар конкурсын ұйымдастыру бойынша іс - шаралар кешенін өткізу"

18.08.2020
Новости

"Педагогикалық Ғылымдар академиясы" Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің тапсырысы бойынша және "Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы" КЕАҚ қолдауымен ағымдағы жылдың маусым мен қараша аралығында "Абайдың 175 жылдығына арналған "Мүшайра" республикалық жас ақындар конкурсын ұйымдастыру бойынша іс - шаралар кешенін өткізу" әлеуметтік жобасын жүзеге асырады.

Жобаның мақсаты 16-29 жас аралығындағы жастарды ынталандыру, қазіргі заманғы әдебиет пен журналистиканы насихаттау, жас жазушылар мен ақындардың шығармашылық әлеуетін қолдау және дамыту болып табылады.

Жоба шеңберінде келесі іс-шаралар іске асырылады: жас ақындар мен жазушылардың жаңа есімдерін анықтау, олардың шығармашылығын қолдау; инстаграмда викториналар өткізу арқылы жастарды рухани байыту және мемлекеттік тілді танымал ету; жастардың шығармашылық ізденісін арттыруға жәрдемдесу, 17 өңірде қазақ тілінде кәсіби әдеби жазба дағдыларын үйрету арқылы жас жазушылардың, ақындардың, журналистердің және жастардың басқа да санаттарының шеберлігін арттыру бойынша тренингтер өткізу; тәуелсіз елдің жетістіктерін, оның тарихи өткенін және жарқын болашағын дәріптеу мақсатында 14 облыста және Нұр-сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларында "Мүшайра" жас ақындарының іріктеу конкурстарын өткізу; белгілі жазушылар мен ақындардан "Қалай жазу және өз талантын ашу" атты кездесулер мен мастер-класстар өткізу; жас ақындардың өмірбаянымен ақпараттық жинақ жасау және жас ақындардың сауалнамалық деректерін жинау.