Академик Құсайынов А.Қ. Анкара және Гази университеттерінде дәріс оқыды

23.12.2022
Новости

8 желтоқсан күні Академик Құсайынов А.Қ. Анкара университетінің Педагогика білімдері факультетінде және Гази университетінің Педагогика факультетінде білім беру сапасын көтеру және ғаламдану заманында жастарға рухани-адамгершілік тәрбие беру жұмыстарын жетілдіру тақырыптарында дәріс оқыды. Анкара университетінің деканы Селахиддин Оғулмыш мырза университет символын тарту етті. Гази университетінің деканы Шабан Четин мырза Салыстырмалы педагогика саласына қосқан үлесі үшін деп Құрмет грамотасымен марапаттады.