23 маусым 2023 ж. күні «Тұрақты даму мақсаттарын іске асыру: заманауи сын-тегеуріндер мен оларды азаматтық қоғаммен шешу мүмкіндіктері» атты Алматы қаласының ХІІІ азаматтық форумы өтті. Оған ҮЕҰ, ведомстволық ұйымдар мен бизнестің 300-ден астам өкілі қатысты.
Форумда Алматы қаласы әкімінің орынбасары А. Қырықбаев, ҚР Ақпарат және әлеуметтік даму вице-министрі Д. Қадыров және «Қазақстанның Азаматтық Альянсы» ЗТҰ президенті Б. Нұрғазиева құттықтау сөз сөйледі.
Форумның пленарлық отырысында Педагогиклық Ғылымдар Академиясының президенті, академик А. Құсайынов «Орта білім беру сапасын көтеру проблемалары» тақырыбында баяндама жасады.