Түркістан облысы білім беру басқармасы мен Педагогикалық Ғылымдар Академиясының ұйымдастыруымен 2023 ж. 12 мамыр күні Төлеби ауданы Білім бөлімінде Республикалық дөңгелек үстел отырысы өткізілді.
Отырысқа Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігінің білім сапасын қамтамасыз ету комитеті төрағасының орынбасары Мелдебекова Майра Тұрғанбайқызы, Түркістан облысы әкімі орынбасары Б.Д. Тәжібаев, Педагогикалық Ғылымдар Академиясының президенті, академик А.Қ. Құсайынов, Облыстық және аудандық білім беру бөлімдері мен оқу-әдістемелік орталықтарының басшылары, ұстаздар, М.Әуезов атындағы университет ғалымдары мен НЗМ әдіскерлері қатысты.
Отырысты Майра Тұрғанбайқызы, Алғы сөз сөйлеп ашты. Отырыста академик А.Құсайынов, Төлеби ауданы әдістемелік кабинет меңгерушісі А.Тұрғанова, Отырар ауданы білім беру бөлімінің басшысы Д.Ембай, экспериментке қатысқан мектептердің директорлары мен мұғалімдер баяндама жасады.
Баяндамаларда мектептер мен аудандардың ішкі резервтерін пайдалана отырып педагог кадрлардың, білім мониторингінің, рухани-адамгершілік және патриоттық тәрбие берудің, зерттеу жұмыстарының, басқару жүйесінің, материалдық-техникалық база сапасын көтеру жұмыстары, экспериментке қатысқан сынып оқушыларына, ата-аналарына, ұстаздарына қатысты жүйелі түрде жүргізілгені және сондай жұмыстың арқасында, сол сыныпта оқитын оқушылардың білім сапасы, салыстырмалы түрде алып қарағанда, көтерілген дәлелді түрде айтылды.
Облыстың барлық мектептерінде ішкі резервтерді пайдалана отырып білім сапасын көтеру мақсатында жүйелі түрде жұмыстар жүргізу жөнінде шешім қабылданды.
Осындай жұмыстарды Астана, Алматы, Шымкент қалалары мен басқа барлық облыстарда жүргізу жөнінде ұсыныс айтылды.
ҚПҒА аппарат басшысы Ж. Қоңырова