Дүниежүзілік салыстырмалы білім беру қоғамының 4-ші симпозиумы

23.11.2021
Новости

2021 жылдың 18-20 қараша күндері Дүниежүзілік салыстырмалы білім беру қоғамының (WCCES) «Құндылықтарды тәрбиелеу және эмоционалды оқыту: covid-19 пандемиясы кезінде және одан кейін тұтас оқу бағдарламасы мен мектептегі білім берудің кең салдары» тақырыбында 4-ші симпозиумы өтті.

Қазақстанның салыстырмалы педагогикалық кеңесі (ҚСПК) симпозиумның тең ұйымдастырушыларының бірі болды. ҚСПК президенті А.Қ. Құсайынов симпозиум жұмысына қатысты.

Пленарлық мәжілісте:

WCCES президенті, профессор Н ' Дри Т. Ассие-Лумумба, Корнелл университеті, АҚШ,

Марио Эинауди халықаралық зерттеулер орталығының директоры, Рейчел Битти Ридл, Корнелл университеті, АҚШ,

ЮНЕСКО халықаралық білім бюросының директоры, Яо И До, Швейцария сөз сөйледі.