17 мамыр 2024 жылы Қазақстан Педагогикалық Ғылымдар Академиясының 28-ші сессиясы офлайн және онлайн форматта Түркістан қаласында өтті.
Сессия бағдарламасы:
1) Педагогикалық Ғылымдар Академиясының білім сапасын арттырудағы жұмыстары – Құсайынов Асқарбек Қабыкенұлы, академик, ПҒА Басқарма төрағасы
Білім сапасын арттыру саласында ПҒА атқарылған жұмыстары, Түркістан қаласы Оқушылар сарайының жетістіктері талқыланды. Осы сессияда ПҒА қатарына 1 шетелдік ПҒА мүшесі, 4 толық мүше (Академик), 6 корреспондент-мүше, 9 мүше сайланды.