Ағымдағы жылдың 27 қарашасында Педагогикалық ғылымдар академиясының кезекті ХХІ Cессиясы өтті. Онлайн форматттағы Сессияға барлығы 79 адам қатысты.
Күн тәртібіне келесі мәселелер қойылды:
І. Баяндамалар
Бірінші мәселе бойынша Педагогикалық ғылымдар академиясының басқарма төрағасы, академик А.Қ. Құсайынов сөз сөйлеп, білім сапасының құраушылары мен ішкі резервті пайдалану тәжірибесі жайында егжей-тегжейлі баяндады. Академик А.Қ. Құсайыновтың Түркістан аймағында білім беру сапасын көтеру бойынша өткізген екі жылдық тәжірибесі Академия мүшелерінің терең қызығушылығын тудырып, қолдау тапты.
Екінші сұрақ бойынша ПҒА «Оқулықтану» орталығының директоры, ПҒА академигі Ф.Т.Саметова сөз сөйледі. Баяндамада оқулықтардың сапасын көтеру жолдары, осы бағытта ПҒА-ның атқарған жұмыстары атап көрсетілді. Сессия қатысушылары оқу әдебиетінің авторларына арналған курстарға қызығушылық танытты.
Үшінші мәселе бойынша ҚР БҒМ Ғылым Комитетінің гранттық қаржыландыруы негізінде жүргізілген ғылыми жобаның нәтижелері туралы п.ғ.к. Б.Кудышеваның баяндамасы тыңдалды. Баяндама қызу талқыланды. қазақстандық қоғамды жаңғырту контексінде мектептің тәрбие жүйесін ұйымдастыру тұжырымдамасы таныстырылды.
Төртінші мәселені бойынша академик А.Қ. Құсайынов Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі мен Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының қолдауымен ағымдағы жылы іске асырылған жоба туралы ақпарат берді. Ұлы Абайдың 175 жылдығына арналған жоба барысында облыстық іріктеу және республикалық жас ақындар байқаулары, ақын шығармашылығы бойынша викториналар өткізілді, әлеуметтік желілерде парақшалар ашылып, өңірлік және республикалық БАҚ-та мақалалар жарияланды.
Соңғы сұрақ бойынша ПҒА Бас Ғалым хатшысы, п.ғ.д., профессор А.А.Болатбаева Академия мүшелерін академик және корреспондент-мүше атақтарын алу үшін үміткелердің келіп түскен құжаттарымен таныстырды. ПҒА сессиясы онлайн форматта болғандықтан, әрбір үміткердің суреттері мен кандидатурасы бойынша мәліметтер слайд түрінде ұсынылды. Үміткерлердің барлығы жеке қатысып, олардың әрқайсысына сұрақтар қойылды.
Жасырын дауыс беру негізінде ПҒА-ның толық мүшелері (академиктері) болып сайланғандар:
- Абильдина Салтанат Куатовна, п.ғ.д., профессор
- Байгунаков Досбол Сулейменович, т.ғ.д., профессор
- Дюсембинова Райфа Кыдыровна, п.ғ.д., профессор
- Жахина Бария Бадыковна, п.ғ.д., профессор
- Жолдасбекова Сауле Абразаховна, п.ғ.д., профессор
- Кукубаева Асия Хайрушевна, пс.ғ.д., профессор
- Мирза Наталья Викторовна, п.ғ.д., профессор
- Сейсен Найля Бакытбековна, саяс.ғ.д.
- Сейтенова Салима Сагиновна, п.ғ.к., профессор.
ПҒА-ның корреспондент мүшелері қатарына сайланғандар:
Академия Президиумының ұсынысы бойынша педагогика ғылымы мен білімді дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін төменде көрсетілген көрнекті қазақстандық ғалымдар ПҒА-ның Академик және корреспондент мүшесі болып сайланды.
Академик болып:
Бектемесов Мақтағали Әбдімәжітұлы, ф.ғ. д., профессор
Жаманбалин Қадырғали Қоныспайұлы, ф.ғ.д., профессор, З.Алдамжар атындағы Қостанай әлеуметтік-техникалық университетінің ректоры
Ердембеков Бауыржан Аманкелдіұлы, ф.ғ.д., профессор, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің ректоры
Ыдырысов Саламат Нұрмұханұлы, п.ғ.к., профессор, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің ректоры
Исакаев Ербол Маратұлы, б.ғ.к., М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің ректоры
Рысбаева Аршагүл Қылышбекқызы, п.ғ.д., профессор, «Бөбек» ҰҒПББСО Адамның үйлесімді дамуы институтының Бас ғылыми қызметкері
Корреспондент мүше болып:
Дуанабаева Биби Чаимкуловна, п.ғ.к., №2 Алматы мемлекеттік гуманитарлық-педагогикалық колледжінің директоры
Кудышева Ботагоз Кинаятовна, п.ғ.к., БҚИТУ Педагогика және психология кафедрасының доценті
Қалиева Гүлсара Исламғазықызы, п.ғ.к., «Бөбек» ҰҒПББСО Адамның үйлесімді дамуы институтының Ғалым хатшысы
Джуманова Гульнара Жакановна, ф.ғ.д., «Қазақстандық адам ресурстарын дамыту институты» ҚҚ бас сарапшысы, ҰҚК Академиясының профессоры
Юнусов Мадияр Бахтиярұлы, Silkway университетінің ректоры сайланды.
ПҒА Президиумының ұсынысы бойынша ПҒА шетелдік мүшелері болып төменде көрсетілген ғалымдар сайланды:
Богуславский Михаил Викторович, п.ғ.д., профессор, РБА Білім беруді дамыту стратегиясы Институтының Педагогика және білім тарихы зертханасының меңгерушісі (Мәскеу)
Калдыбаева Айчүрөк Тоқтополотовна, п.ғ.д., профессор, И.Арабаев атындағы Қырғыз ұлттық университетінің педагогика кафедрасының меңгерушісі (Бішкек)
Харис Фираз Фахразович, п.ғ.д., профессор, Қазан (Приволжский) Федералдық университеті (Қазан).
Барлық әріптестерімізді осындай айтулы оқиғамен шын жүректен құттықтаймыз және қазақстандық педагогикалық ғылымның дамыту жолында шығармашылық табыс тілейміз!
Академия ақапараты