Педагогикалық Ғылымдар Академиясының XXIV сессиясы

20.05.2022
Новости

      2022 жылы 19 мамыр күні офлайн және онлайн форматта Педагогикалық Ғылымдар Академиясының кезекті сессиясы өтті.

      Сессияда академик А.Қ. Құсайынов мектептерде саналы ұрпақты тәрбиелеу мәселелері туралы және Алматы қаласы білім Басқармасымен осы бағыттағы ауқымды бірлескен жоба туралы айтып берді. Сонымен қатар, аталған жоба аясында тәжірибелі әдіскер-психолог, әдіскер-педагогтармен бірге әзірлеген тәрбие тұжырымдамасы мен 13 әдістемелік құралды таныстырды.

      ПҒА аппаратының басшысы Ж.К. Қоңырова АБҚО қаржыландыратын «Жастар арасында мемлекеттік тілді кеңінен танымал ету жөнінде ісшаралар өткізу» жобасын іске асыру бойынша ағымдағы жылы ұйымдастырылатын іс-шаралар туралы сөз сөйледі.

      Академиктер ел Конституциясына енгізілген өзгерістерді талқылап, ПҒА академигі А.С. Мағауова құжатқа енгізілген барлық түзетулерді атап өтіп, олардың маңыздылығына егжей-тегжейлі тоқталды.

      Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің ф.-м.ғ.к., қауымдастырылған профессор О.М. Жолымбаев отандық докторанттарды даярлау мәселесін көтерді.

      ПҒА мүшелігіне кезекті сайлау өткізілді. Сайлау нәтижесі бойынша, ПҒА толық мүшелері (академигі) болып: Р.Ж. Аубакирова (Торайғыров Университеті), К.С. Құдайбергенева (ҚазҰҚПУ); корреспондент мүшелері болып: В.В. Боброва (Е. Букетов атындағы ҚарМУ), Т.С. Шумейко (М.Дулатов атындағы  Қостанай ИЭУ) сайланды.