Педагогикалық Ғылымдар Академиясының XXVІ сессиясы

05.05.2023
Новости

2023 жылы 5 мамыр күні офлайн және онлайн форматта Педагогикалық Ғылымдар Академиясының кезекті сессиясы өтті.

Сессияны академик А.Құсайынов кіріспе сөз сөйлеп ашты.

Өскемен қаласындағы Ашық ғылым орталығының президенті, ПҒА академигі, профессор, п.ғ.д. Ахаев А.В. «Ашық ғылым орталығының ғылым және білім беру қызметі» тақырыбында баяндама жасады. Мазмұнды баяндама қызу талқыланып, оның жұмысына оң баға берілді.   

ПҒА мүшелігіне өту үшін берілген өтініштер негізінде сайлау өткізілді.

Төменде көрсетілген үміткерлер Академияның толық мүшелігіне (академик) сайланды:

Стеблецова Ирина Станиславовна, п.ғ.к., С. Аманжолов ат. ШҚМУ педагогикалық білім беру және менеджмент кафедрасының аға оқытушысы, «Дарынды балаларға арналған валеологиялық мамандандырылған мектеп-кешені» КММ директорының оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары, Қазақстан ПҒА корреспондент-мүшесі, Өскемен қ.

Адамқұлов Нұрәлі Мерекебайұлы, п.ғ.к., И. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің қауымдастырылған профессоры, Талдықорған қ.

Құлбаев Аман Бекенұлы, өнертану кандидаты, профессор, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы, Алматы қ.

Нұрымов Бауржан Аблайұлы, PhD докторы, Аймақтық менеджмент Академиясының профессоры, Margulan University жоғары өнер және спорт мектебінің оқытушысы, Павлодар қ.

Торғаутова Балғын Әмірбекқызы, заң ғылымдарының кандидаты, Алматы гуманитарлық-экономикалық университетінің доценті, Қазақстан ПҒА корреспондент-мүшесі, Алматы қ.

Нұрқасымова Сәуле Нұрқасымқызы, п.ғ.д., Л.Н. Гумелев ат. ЕҰУ «Жалпы және теориялық физика» кафедрасының профессоры, Астана қ.

 

Академияның Корреспондент-мүшесі болып сайланғандар:

Абаева Нелла Фуатовна, п.ғ.к., Ә. Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің доценті

Левина Лариса Викторовна, п.ғ.к., доцент, Ашық Ғылым Орталығының тәжірибелік психологы, Өскемен қ

Ташмұхамбетов Бауржан Ғалиханұлы, PhD докторы, доцент, Баишев университетінің ректоры, Ақтөбе қ.

Хамзина Қарлығаш Мәуенқызы, ф.ғ.к., Ә. Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің доценті

Шағырбаева Меңтай Доғдырбайқызы, п.ғ.к., педагогика кафедрасының меңгерушісі, Есенова университеті, Ақтау қ.