Тұрсын Жұртбайдың 70 жылдық мерейтойы

04.11.2021
Новости

Ағымдағы жылдың 15 қазанында жазушы, журналист, ғалым, әдебиеттанушы, аудармашы, қоғам қайраткері, халықаралық "Алаш" сыйлығының лауреаты Тұрсын Жұртбайдың 70 жылдық мерейтойы құрметіне орай Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде "Елдік ұстаным және тәуелсіздік нысаны" атты халықаралық конференция өтті. Мерейлі шараға ҚР Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаев, ҚР Президентінің баспасөз хатшысы, алаштанушы Берік Уәли, профессор, академик, Педагогикалық Ғылымдар Академиясы Президенті Асқарбек Құсайынов және өзге де елеулі тұлғалар қатысып, мерейтой иесіне жүрекжарды лебізін арнады.

Тұрсын Құдакелдіұлы Жұртбай Қазақстан Республикасының тәуелсіздігін нығайтуда, тарихы мен мәдениетінің тарихын түбірлі зерттеуде алдыңғы қатарда жүрген қоғамдық ғылым саласындағы ғалымдардың бірі. Оның Абайтану мен Мұхтартанудағы, сонымен қатар Алаш зиялыларын зерттеген еңбектері ұлт тарихында ерекше орны бар құбылыс ретінде бағаланады.