Гүлмира Раинбекқызының өмірден өткенін естігенде қатты қайғырып, орын таппай қалдым. Қалай бұлай болды?, деген сұрақ, неше сағаттан бері жай таптыратын емес. Қалай? Кеше ғана Сенатта жарқырап тұрып Ант берген қазақтың ерекше парасатты, талғампаз, терең ойлы, бай мінезді, ұрпақ болашағы, Ел келешегін ойлаған дана қызы бүгін бәрімізді тастап кетті. Қалай?
Мен Гүлмирамен БжҒ министрлігінің Орта білім беру комитетіне келгенннен кейін жақынырақ танысып, әр түрлі мәселермен сұхбаттасып жүрдік. Өткен жылдың маусым айында Біздің Академия, Абай атындағы ҚазақҰПУ мен Алматы қаласы Білім басқармасы бірлесе отырып дайындаған, Ұрпақ тәрбиесіндеге құндылықтар негізі атты үлкен жинақты әкеліп қолына бергенімде, оның асқан даналық қасиетіне тағы да тәнті болған едім.
Жинақты қолына алып, асқан байыптылықпен 15 минуттап аса уақыт мұқият қарап шығып, қазіргі уақытта мектепке, мұғалімдерге өте қажат дүние жасаған екенсіздер. Рахмет сіздерге, қолдаймыз, - деген еді. Сонда, үлкен адам болсам да, төбем көкке жеткендей қатты толқып, қуанған едім.
Сенатор болғанда, Ант бергенде қуанып, құттықтаған едім.
Гүлмира қолдап, батасын берген сол жинақтың бүгін Абай университетінде үлкен Тұсаукесер рәсімі болды. Оған еліміздің түпкір-түпкірінен 300-де тарта адам қатынысты. Осы рәсімнен кейін алдымен Гүлмираға телефон соғып, есеп беремін деп ойлаған едім, енді кімге есеп беремін? Мен енді Сіз үшін халқымызға есеп берейін. Гүлмира Каримова қолдап, сенім артқан жинақтың тұсаукесер рәсімі бүгін жоғары деңгейде өтіп, ол жинақ оқу орындарына, мұғалімдер мен ата-аналарға жол тартты. Қадамы оң болғай!
Халқымыздың үлкен жүректі қайраткер қызы Гүлмира Раинбекқызына, Хош деймін! Алладан иман, пайғамбардан шапаған тілейімін! Рухыңыз пейіштің төрінде шалқысын! Біз Сіздің сеніміңізді ақтап, ұрпағымызға бай рухани-адамгершілік тәрбие беру мақсатында риясыз еңбек ететін боламыз!
Хош, қазақтың дана қызы, Хош!
Академик Асқарбек Құсайынов