11 шілде 2022 жылы Педагогикалық Ғылымдар Академиясы ү.ж. Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің тапсырысы бойынша және Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы қолдауымен «Жастар арасында мемлекеттік тілді кеңінен танымал ету жөнінде іс-шаралар өткізу» әлеуметтік жобасын жүзеге асыруда. Жоба аясында бірінші өтетін шара – «Күй құдіреті» мега байқауын өткізді.
Байқау күй арқылы жастардың бойында тарихына, тіліне, мәдениетіне деген құрмет пен сүйіспеншілік сезімін орнықтыру -деген өз мақсатына жетті. Байқауға қатысқан жастап күйдің -қазақ халқының рухани болмысының, мәдениетінің, дүниетанымының тұғыры биік асыл мұрасы екендігін тағы бір дәлелдеп берді. Халық күйлерінің әуендік сипаты, көркемдік образы, философиялық ой тереңдігі, халықтың талғамы мен танымының ерекшелігін көрсете білді.
Конкурс нәтижесінде:
1 орын - 300 мың теңге
2 орын - 200 мың теңге
3 орын - 100 мың теңге
Байқау ашық түрде өтті. Байқауға Қазақстан Республикасының барлық аймақтарынан 16-29 жас аралығындағы күйшілер, музыка саласының майталмандары және басқа да жастар санаттары қатысты. Барлығы 14 команда өтініш берді. Елімізге танымал күй майталмандары төрелік етті.
Әділқазылар төрағасы ҚР мәдениет қайраткері, Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы «Дәстүрлі музыкалық өнер» кафедрасының доценті, күйші, өнер зерттеуші - Әбуғазы Мұрат Қазенұлы
Мүшелері Ж.Елебеков атындағы Республикалық эстрада цирк колледжінің оқытушысы, Халықаралық конкурстың лауреаты - Мұхтар Әділұлы
Және
Өздеріңізге кең танымал Актер, әнші - Данияр Төлбасы болды.
Нәтижесінде марапатқа ие болған топтар:
1 – орын: «Кәусар» жетігеншілер ансамблі
2 – орын: Qaz.modern этно-фольклорлы ансамблі
3 – орын: «Шалқыма» домбырашылар ансамблі
Шара әл-Фараби кітапханасының үлкен залында өтті.