«Көшбасшы жолы. Н.Ә. Назарбаевтың мемлекеттік басқару моделін ілгерілету» әлеуметтік жобасы аясында «Көшбасшы Жолымен» атты республикалық жастар форумы өткізілді

07.12.2020
Новости

Форумның мақсаты: Қазақстанның қазіргі заманғы тарихына қызығушылық танытатын дарынды, жас зияткерлерді ынталандыру, Н.Ә. Назарбаевтың мемлекеттік басқару моделін кеңінен қолданысқа енгізуді ілгерілету.

2020 жылдың 28 қараша күні Алматы қаласы Қоғамдық даму басқармасының әлеуметтік тапсырысы бойынша Академияның ұйымдастыруымен «Көшбасшы жолымен» атты республикалық жас көшбасшылар форумы өткізілді.

Қатысушылар оның тақырыбына сай өз эсселерін жазды, ZOOM платформасында республикалық онлайн қорытынды іс-шара ұйымдастырылды. Онда үздік жұмыс иегерлері өз еңбектерімен таныстырды, көшбасшылық пен ХХІ ғасыр көшбасшысының бейнесі мәселелеріне қатысты пікірлерімен бөлісті.

Форумға 16-29 жас аралығындағы Қазақстан жастары қатысты.

22-29 жас аралығындағы үздік жұмыстардың иегерлері:

Маматқадыр Гүлнара Мырзакәрімқызы – №22 ЖОББМ мұғалімі (Қостанай қ.)

Мырзасейтова Толғанай Мырзатайқызы – №11 ЖОББМ мұғалімі (Жамбыл обл., Тараз қ.)

Самбаев Жасұлан Серікбайұлы – Арал қ. №2 мектеп-интернатының мұғалімі (Қызылорда обл.)

18-21 жас аралығындағы үздік жұмыстардың иегерлері:

Қуан Күлаш – Ы.Алтынсарин ат. Арқалық педагогикалық институтының студенті (Қостанай облысы, Арқалық қаласы)

Нұрланбек Аярыс – С.Ж. Асфендияров ат. Қазақ ұлттық медицина университетінің студенті (Алматы қаласы).

Жақсымбет Маржан Бақтиярқызы – М.Әуезов ат. Оңтүстік Қазақстан университетінің студенті.

16-17 жас аралығындағы санатындағы үздік жұмыстардың иегерлері:

Нұртазин Мақсат Сәрсімбайұлы – Павлодар облысы Ертіс ауданы №1 жалпы білім беру мектебінің оқушысы

Зейнолла Эльвира Қасқырбайқызы – Қостанай облысы, Әулиекөл ауданы, Тимофеев орта мектебінің оқушысы;

Ким Виктория Андреевна – Павлодар облысы, Екібастұз қаласының №23 ЖОББМ оқушысы.

Жастар форумының барлық қатысушылары сертификаттарымен және арнайы сыйлықтармен марапатталды.

 

Ақпарат - Академия