«Отбасы институты» әлеуметтік жобасы

06.12.2021
Новости

 «Педагогикалық Ғылымдар Академиясы» қоғамдық бірлестігі Алматы қаласы Қоғамдық даму басқармасының қолдауымен «Отбасы институты» әлеуметтік жобасын жүзеге асыруда. 

Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын-алу, отбасы құндылықтарын арттыру, жастар арасында отбасы институтын нығайту, жастарға көмек көрсету мақсатында Алматының 8 ауданында сенім кабинеттері ашылып, олардың жұмысы ұйымдастырылды, Сенім кабинеттерін ресімдеуде бірыңғай логотип қолданылып, 8 паучоктар мен 8 ақпараттық стенд дайындалды. АХАТ және дағдарыс орталықтарымен бірлесе отырып көптеген жұмыстар жасалды. Сенім кабинеттерінде 338 адам консультация алды.

Отбасы институтын нығайту және тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу туралы мемлекеттік және орыс тілдерінде анонстық және «Отбасы деген не?» деген тақыфрыпта сюжеттік бейнеролик дайындалды. Бейнероликтер интернет ресурстар және БАҚ-та, «Алматы» ТК, Алматы «Метрополитенде», «Cinemax» кинотеатрлар желісінде ротацияланып жатыр. Күніне 5000-нан аса қаралымдар, жалпы, 100 000-ға жуық көрсетілімдер бар.

Отбасыларда тиімді қарым-қатынас құру және отбасылық қатынастардың басқа да аспектілері бойынша, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу мәселелері бойынша жастар және жас отбасылармен 10 кездесу ұйымдастырылды. Кездесуге 183 адам қатысып, өз пікірлерін қалдырды.

Отбасын құру, отбасы институтын нығайту және тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша қаланың 31 ЖОО мен 31 ТжКБ-да онлайн/офлайн форматында дәріс және семинар-тренингтер өткізілді. Семинарға 321 адам қатысты.

«Менің отбасым», «Мен отбасымды сүйемін» «Махабатыңмен бөліс» және т.б. тақырыптарда 4 медиа тұлғаның қатысуымен  онлайн/офлайн форматында флешмоб/челлендж өткізіліп, оған 491 адам қатысты.

23-27 тамыз аралығында Қазақстан Республикасының Конституция күніне арналған «Ашық есік күндері» акциясы өткізілді. Акцияға қатысуға жастар, отбасылар, жас отбасылар шақырылды. «Ашық есік күндері» Алматы қаласының 8 ауданында, онлайн режимінде өтті. Оған көптеген адамдар тұрмыстық сұрақтармен келіп, мамандардан кеңес алды, тұрақты консультацияға жазылғандар да болды. Конфиденциалдылық қамтамасыз етілді.

Әлеуметтік желілерде жобаны ілгерілету және танымал ету мақсатында 3 парақша бар: Instagram, Facebook, Вконтакте. Жалпы оқырмандар саны – 6138, жарияланымдар саны –174 болды.

Жоба аясында берілген консультациялардың арқасында 50-ге жуық адам (қызмет алушы) медиативті келісімге келіп, отбасын сақтап қалды.