Бүгін «Педагогикалық Ғылымдар Академиясы» қоғамдық бірлестігі мен «Talap» қоғамы арасында Меморандумға қол қойылды. Меморандум арқылы төмендегі бағыттар бойынша жұмыстар жасалынбақ:
Бірлескен ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу;
Конференциялар, семинарлар, дөңгелек үстелдер және басқа да бастамалар өткізу;
Бірлескен ғылыми және оқу жарияланымдарын ұйымдастыру;
Педагогикалық кадрлары мен өндірістік оқыту шеберлерінің кәсіби құзыреттілігін арттыру.
Тараптар жинақтаған тәжірибемен, біліммен және ақпаратпен тұрақты алмасу және т.б бойынша іс-шаралар жүзеге асырылмақ.