«Жаһанданудың ұлттық мүдделерге әсері» тақырыбында қазақ тілінде дебат ұйымдастырылды

17.11.2022
Новости

Көзімізде от жайнап,

Бойымызда жас қайрат.

Алға басып келеміз,

Қолымызда-көк байрақ.

               (Алмат Исәділ)

 

Педагогикалық Ғылымдар Академиясы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі және Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының қолдауымен 28 қыркүйек «Жаһанданудың ұлттық мүдделерге әсері» тақырыбында қазақ тілінде дебат ұйымдастырды.

Жаһандану үдерісі қоғамның дамуына екі түрлі әсер етіп отырғаны белгілі. Бір жағынан қоғамды әлем мәдениетімен, тарихымен таныстырып, әлеуметтік желі білім сандығына айналса, екінші жағынан төл мәдениетіміздің құлдырап, ұлттық құндылықтарымыздың жойылуна да әсерін тигізіп отыр. Соның ішінде, әлем тілдерін игеру тенденциясы аясында қазақ тілінің мәртебесі де алаңдатарлық. Осыған орай, “жаһанданудың біздің қоғамға әсері дұрыс па бұрыс па? -деген сауалдың жауабын жастар дебат арқылы беріп, тұщымды ойларын ортаға салып дәйекті дәлелдер келтірді.

Дебат – азаматтық, патриотизм, мәдени тұтастық сияқты ұғымдармен тығыз байланысты тілімізді жастар арасында дәріптеу, қазақ тілінде пікіралмасу алаңында жаһандық мәселелерді анықтап, оның біздің дамуымызға тигізетін оң және теріс әсерлерін талдау арқылы сол жастардың бойына мәдениетіне деген құрмет пен сүйіспеншілік сезімін орнықтыру мақсатына жетті.

Мақсатқа жету үшін белгіленген төмендегі міндеттер де толық орындалды:

- жастарды рухани байыту және мемлекеттік тілдің қолданыс ареалын кеңейту;

- 16-29 жас аралығындағы жастарды қазақ тілін білуге, дамытуға ынталандыру;

- жастар арасында шешендік өнер мен ой ұшқырлығы арқылы мемлекеттік тілдің көркемдігін насихаттау;

- қоғам дамуының өзекті мәселелерін қамтып, ұлттық құндылықтарға төнетін қауіптің алдын алуға бейімдеу; 

- жастарды ойларын еркін жеткізуге, басқа адамдардың пікірін сыйлауға дағдыландыру;

ұлт болып сақталу тіліміздің сақталуымен тікелей байланысты екенін ұмыттырмау.

Дебатқа еліміздің әртүрлі аймақтарынан 12 төп өтініш берді.

Олардың қатарында Л.Гумилев атындағы ЕҰУ, Абай атындағы ҚазҰПУ, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Suleiman Demirel Uneversity секілді білім ошақтарымен, Семей, Алматы қалалары жастарынан құрама командаларды атап өтуге болады. Талап бойынша Құрамы 5 адамнан тұратын командалар Ереже сәйкес ойын көрсетіп, өз парасаттылықтарымен баурады. Әсіресе, “Найза”, “Қаһар” топтары ерекше білім деңгейін көрсетті.

Байқау нәтижесінде үздік танылған жеңімпаздар ақшалай сертификаттармен марапатталды:

1 орын - “Найза” тобы, 300 мың теңге

2 орын - “Қаһар”, 200 мың теңге

3 орын - “Білгірлер мен Тұран”, 100 мың теңге.

 

Байқау ашық түрде өтті. . Байқауға қатысқан Қазақстан Республикасының барлық аймақтарынан 16-29 жас аралығындағы жастардың білімі мен білігіне Елімізге танымал дінтанушы, тарихшы, заңгер ғалымдар, қауіпсіздік саласының қызметкерлері төрелік етті.

Дебат оффлайн өтті. Дебатқа әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Философия және саясаттану факультеті қолдау көрсетті.

Білікті бірді жығады,

Білімді мыңды жығады- демекші, тәуелсіз еліміздің болашағы осы жастардың қолында болғандықтан ақыл-парасаты толысқан айбынды, білімді де білікті жастардың қалыптасуына титтей де болса өз үлесімізді қостық деп сенеміз!