Қайнарда Халықаралық ғылыми практикалық конференция өтті

12.10.2022
Новости

Абай облысы Семей қаласы Қайнар ауылында «Қайнар орта мектебіне 100 жыл: ауыл мектебінің өзекті мәселелері мен даму келешегі» тақырыбында 8 қазан күні ХҒПК өткізілді.

С.Бегалин атындағы мектеп өзі құрылған алғашқы күннен бастап оқушыларға терең білім, мол ұлттық адами тәрбие беруді мақсат етті. Мектеп ғасырлық тарихында осындай биік мақсаттарға толық жете білген, еліміздің ғылымы мен білімін, экономикасы мен мәдениетін, ауыл шаруашылығын дамытуға мол үлес қосқан, мыңдаған талантты тұлғалар дайындаған.

Осындай киелі шаңырақта өткізіліп отырған ХҒПК Беларус, Қырғызстан, Қытай, Ресей елдерінен 12 және Астана, Алматы қалалары мен Абай, Атырау, Батыс Қазақстан, Көкшетау, Қостанай, Оңтүстік Қазақстан, Павлодар облыстары университеттері мен оқу орындарынан 100-ден аса мақалалар келіп түсті. Конференция жинағы жарық көрді.

Мерейтойға Қазақстан, Беларус, Қытай, Қырғызстан, Ресей елдерінің оқу орындары басшылары мен танымал ғалымдардан құттықтау хаттар келді.

Конференцияға Абай облысының әкімінің орынбасары Шалқар Заманбекұлы, Ы.Алтынсарин атындағы ҰБА вице-президенті Нұрбек Серікұлы, облыстық және аудандық білім бөлімдерінің басшылары, көптеген ғалымдар мен ұстаздар қатысты.

Пленарлық және секция отырыстарында баяндамалар тыңдалып, конференция резолюциясы қабылданды.

 

 

Асқарбек Құсайынов,

Педагогикалық Ғылымдар Академиясының презиенті,

академик, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты.