Адам өмірінде өзінің бай адами қасиеттерімен, ақыл-парасатымен, терең білімімен, адалдығымен, адамдығымен ерекше құрметке бөленетін жандар болады.
Мен үшін сондай жандардың бірі - Рысбаева Аршагүл Қылышбекқызы еді. Осындай жанның өмірден өтуі көңілге қимастық сезім ұялатып, жүрекке ауыр жүк салады екен. Амалсыздан қош айтып, алдыңыз пейіш, артыңыз кеніш болсын деймін, Аршагүл Қылышбекқызы.
Алладан иман, Пайғамбардан шапағат тілеймін.
Педагогикалық Ғылымдар Академиясының президенті Асқарбек Құсайынов