"Қоғамда ажырасу неге көбейіп кетті?" тақырыбында медиа-тұлғамен кездесу өткізілді

26.12.2022
Новости

          15 мамыр Отбасы күніне орай Онлайн кездесу өткізілді. Кездесу қонағы Қазақстан журналисттер одағының мүшесі, отбасылық коуч және психолог - Жанәділ Райымбеков @zhanadil_raimbekov болды. Кездесу барысында бірнеше қоғамға өзекті болып отырған мәселелер қозғалды. Қазіргі қазақ қоғамында не себепті ажырасу белең алып отыр, ол ажырасуға не себеп болып отыр және отбасын ажырасуға апармау үшін қандай жағдайлардың алдын алу керек деген сияқты мәселелер талданды. Жанәділ мырза өз көзқарасын психология саласымен тереңінен байланыстыра баяндады. Кездесуге негізінен студенттер қатысты және өздерін мазалаған сұрақтарын қойып, оған толыққанды жауап ала алды. Кездесу аяқталғаннан кейін қатысушылар өз ризашылықтарын білдіріп, өздерін алаңдатқан сұрақтарына жауап ала алғандары жайлы бөлісе кетті. Алдағы уақытта да осы тәрізді кездесулер ұйымдастыру жоспарда бар. Алтын уақытын бөліп осы кездесуде спикер болған Жанәділ мырзаға @zhanadil_raimbekov үлкен алғысымызды білдіреміз!

 

 

#OtbasyInstituty2022 #ОтбасыИнституы2022 #МеніңОтбасым2022 #МояСемья2022