Педагогикалық Ғылымдар Академиясының президенті Құсайынов А.Қ. ҚазҰҚПУ-да өткен халықаралық конференцияда баяндама жасады

24.02.2023
Новости

Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде Филология институтының ұйымдастыруымен 23-24 ақпанда "Көптілді білім беру мен зерттеулердегі инновациялық лингвистикалық тәсілдер мәселелері" атты халықаралалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

Конференцияға Туркия Республикасының Алматыдағы Бас консулдығының өкілі, отандық және  Туркия, Германия, Шотландия мемлекеттерінен ғалымдар қатысты. 

Конференцияда Академия президенті, п.ғ.д., профессор, академик А. Құсайынов  "Ұрпақ тәрбиесіндегі құндылықтар негізі" тақырыбында баяндама жасады.