2022 жылдың 8 наурыз күні «Білімді ел – Образованная страна» (№10) газетінде академик, Педагогокалық Ғылымдар Академиясының президенті Асқарбек Құсайынов пен п.ғ.к., Абай атындағы ҚазҰПУ профессоры Айман Берикханованың «Кемелденген ел болудың кепілі» атты мақаласы жарияланды. Мақалада Педагогикалық Ғылымдар Академиясының Алматы қаласы Білім беру басқармасының өтініші негізінде дайындаған «Мектептерде саналы ұрпақ тәрбиелеуді ғылыми-практикалық тұрғыдан іске асыру жолдары» жобасы және осы жоба аясында жасалған «Қазіргі мектептерде саналы ұрпақ тәрбиесін жетілдіру тұжырымдамасы» мен 13 әдістемелік нұсқаулық жайлы жазылған.